Әлеуметтік желідегі жүздесу

Жаңа оқу жылы қарсаңында Жәңгір хан университетінің институт директорлары инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шықты.

31 тамыз күні университеттің инстаграм әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылған тікелей эфир барысында бес институттың директорлары 2021-2022 жаңа оқу жылындағы оқыту форматының ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар 1-курс студенттерімен өтетін ұйымдастыру апталығы, сабақ және тәрбие процестері, жатақханаға орналасу, студенттерге қойылатын санитарлық талаптар туралы хабардар етті. Эфир кезінде институт директорларының орынбасарлары мен жоғары мектеп жетекшілері желі қолданушылары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу