Актермен кездесу

Желтоқсанның 23-і күні Жәңгір хан университетінде театр және кино актері, әнші Аян Өтепберген қонақта болды.

         Бұл білім алушыларымыз үшін жарқын жүздесу болды. Себебі, бірқатар отандық сериалдар арқылы танылып, сонымен бірге ән әлемінде де өзіндік стилімен ерекшеленген Аян Өтепбергеннің есімі жастар арасында танылып үлгерді.

Университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов қадірменді мейманға басқарма басшылығы мен білім алушылар атынан ризашылығын білдірді.   

Өнер иесімен жақсы сыр-сұқбат құрған қатысушылар түрлі сауалдар қойып, кешті әсерлі өткізді. Сұқбат барысында әнші қонақкәде ретінде бір ән орындап, қысқы сессия кезіндегі қарбаласта жүрген жастардың көңілін көтерді.

Студенттер кездесуден жақсы әсер алғандарын айтып, осындай кеш үшін ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу