Ақниет – үздіктер қатарында

Агротехнологиялық институтының 4 курс студенті Ақниет Рашидова «Жыл үздігі – 2021» Батыс Қазақстан облысы жастар сыйлығының «Үздік волонтер» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.
Ақниет Мирболатқызы – «Орал жастары» волонтерлік ұйымының көшбасшысы. Студент жастар арасындағы түрлі спорттық және мәдени шаралардың ұйымдастырушысы. COVID-19 пандемиясы кезінде волонтерлардың басын біріктіріп, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үйлестіріп, ардагерлерге мекенжайлық көмек көрсетті. Сонымен қатар, ерікті жастармен бірге 50 сенбілік ұйымдастырып, 2000-ға жуық түп ағашын отырғызып, қаламызды көркейтуге атсалысқан.
Студентімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу