ACeSYRI жобалық тобының мүшелері Сәтбаев университетіндегі «Жазғы мектепке» қатысуда

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлықтехникалық университетінің Erasmus+ бағдарламасының ACeSYRI жобасының мүшелері ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап Сәтбаев университетінде (Алматы қ.) ұйымдастырылған ACeSYRI «Жазғы мектебіне» қатысуда.

5-10 маусым аралығында өтетін «Жазғы мектеп» ақпараттық технологиялар саласындағы жас зерттеушілер потенциалының өсуіне және қазақстандық ғалымдардың еуропалық ғалымдармен ынтымақтастығына жағдай жасауды көздейді. 5 маусым күні Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жобалық тобының мүшесі, ACeSYRI ACeSYRI жобасының сапа бойынша офицері Замзагүл Сұлтанова сапаны бақылау бойынша жиналыс өткізді.

6 маусым күні командамыздың мүшелері Людмила Сергеевна Таршилова «Ғылыми зерттеудің әдістемесі: парадигма, диагностика, қағидалары» атты, Замзагүл Хамитқызы Сұлтанова «Зерттеудің дизайны» тақырыбында шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Сонымен қатар «Ақпараттық технологиялар» жоғары мектебінің аға оқытушысы Анаргуль Сағиндыққызы Бекенова жобалық тобының мүшелерімен бірігіп жасалған зерттеу қорытындыларын баяндады.

Бұдан әрі жас ғалымдар Гүлбаршын Нұрланқызы Мизамова мен Айгүл Дәулетқызы Кубегенованың презентациялары, Л.С.Таршиловамен және З.Х.Сұлтановамен қосымша сабақтар өткізілетін болады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу