ACeSYRI Зертханасының ашылуы

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ACeSYRI Зертханасы ашылу рәсімі өтті. ACeSYRI Зертханасы бұл  соңғы буындағы 15 дербес компьютермен жабдықталған мультимедиялық класс. ACeSYRI Зертханасы Еуропалық Одактың Erasmus+ бағдарламасының аттас «Компьютерлік ғылымдар саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық» ACeSYRI жобасы аясында қаржыландырылғанын ерекше атап өткіміз келеді. ACeSYRI жобасының командасы бұл Зертхана университетімізде жобаны жандандыруга жаңа серпін береді және зерттеу қызметіне жастарды көбірек тартуға мүмкіндік береді деп үміттенеді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу