Абыройлы еңбекпен – құрметті зейнетке

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімінің» ұжымы қос қызметкерін зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.

Білім ордасындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалауға зор еңбектерін сіңірген Ерсайын Хайруллин мен Тыныс Хайдаровты 63 жасқа толған мерейтойларымен құттықтау іс-шарасына университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов қатысты. Мерейтой иелеріне басқарма төрағасы-университеті ректоры Асқар Наметовтің құттықтау хатын табыстап: – Дәстүрлі түрде зейнет жасына толған қызметкерлерімізді құрметпен шығарып салмақпыз. Оқу орнында бірнеше жыл жұмыс істеген Ерсайын Қажымұратұлы мен Тыныс Қайыржанұлына алғысымыз шексіз. Университет ұстаздары мен қызметкерлері сіздерді жақсы біледі, сыйлайды. Ендігі уақытта тер төгіп жасаған еңбектеріңіздің зейнетін көріңіздер. Отбасыларыңызға амандық тілейміз, немере қызығына бөленіп аман жүріңіздер, – деп, ақжарма тілегін арнады. 

Жиында сөз алған «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау бөлімінің» басшысы Жанболат Мусадиев әріптестеріне салауатты да баянды ғұмыр тілеп, осындай аға буын өкілдерінің өз ісіне деген жауапкершіліктерін өзгелерге үлгі етті. Осы бөлімде жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан Якуб Жарылғасов екі азаматпен де бірге еңбек еткен жылдарын еске түсіріп, оларға құрмет көрсеткен университет басшылығына ризашылығын жеткізді. Мерейтой иелерінің бірге қызметтес болған әріптестері де ағаларына ақ жол тілеп, олардың үлгі боларлық тұстары көп екенін атап өтті.

Мерейлі 63 жасқа толып, осы күнге дейін өздері темірдей тәртіпке бағынып қызмет еткен білім ошағынан абыроймен зейнеткерлікке шығып жатқан Е.Хайруллин мен Т.Хайдаров барлық құрмет-қошеметке алғыстарын жаудырды.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу