Спартакиада жеңімпаздары марапатталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде дәстүрлі «Денсаулық-2023» спартакиадасы өз мәресіне жетті. Бүгін спорттық іс-шараның жеңімпаздары марапатталды.

Биылғы спорттық іс-шарада жеңіске жеткен «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты мен Әскери кафедра қызметкерлерінен құралған команда ауыспалы кубокты иеленді.

Ал жүлделі екінші және үшінші орындар «Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты» мен «Политехникалық институт»командаларына бұйырды. Спорттың әр түрі бойынша үздіктер де марапатталды. Сонымен қатар өз әріптестерімен бірге болып, спартакиаданың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен команда жетекшілеріне алғыс хаттар берілді.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу