Қауіпсіздік қызметкерін құттықтады

Бүгін «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау» бөлімінің ұжымы әріптестері Ерболат Хайруллинді зейнеткерлік жасқа толуымен құттықтады.

Бейнетінің зейнетін көрер жасқа зор абыроймен жеткен қауіпсіздік қызметкеріне университеттің «Өндірістік, техникалық және инфрақұрылымдық қамтамасыздандыру» департаменті директорының орынбасары Мұхит Шектібаев басқарма төрағасы-ректор Асқар Наметовтің құттықтау хатын табыстады. Ал «Қауіпсіздік және тәртіп сақтау» бөлімінің басшысы Жанболат Мусадиев мерейтой иесінің жұмысқа жауапкершілігі жоғары, еңбекқор қызметкер екенін атап өтті. Сонымен қатар ұжым атынан Ерболат Шамұратұлының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Он жылдан астам уақыт іргелі оқу орнының қауіпсіздігі саласында жемісті еңбек еткен Ерболат Хайруллин әріптестеріне алғыс білдірді.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу