«Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі

«Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі 2021 жылы «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» және «Экология және биоресурстар» жоғары мектептерін біріктіру арқылы құрылды. Жоғары мектеп жетекшісі а.ш.ғ.к., доцент м.а., М.Ж. Шукуров.
«Мал шаруашылығы және биоресурстар» жоғары мектебі бакалавр және магистратура бойынша келесі мамандықтарды дайындайды: 6В08200/7М08200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», 6В05200/7М05200/210/-«Өнеркәсіптік экология», 6В08400/7М08400/410- «Аквакультура және су биоресурстары», 6В08302-«Аңшылықтану және аңшаруашылығы», сонымен қатар 8D08200 – «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша (PhD) докторларды дайындайды.
ЖМ бойынша 4 доктор, 11 ғылым кандидаты, 5 PhD докторы және 8 магистр педагогикалық және ғылыми жұмыстармен шұғылданады.
Жоғары мектеп ұжымы ГҚ және Ауыл шаруашылығы министрлігі БНҚ бойынша ғылыми жобалар орындалып, соның нәтижесінде ғылыми мақалалар, монография жарияланды, патенттер алынды. Қазақтың ақбас тұқымының тұқымішілік типі, ақжайық етті – жүнді қой тұқымы, араларды өсіріп көбейту бойынша модельдік омарта шаруашылығы және жасанды жағдайда бекіре балықтарын өсіретін коллекциясы құрылды.
Оқу процессіне оқу-әдістемелік және оқу құралдары әзірленіп, сынақтан өтіп, кеңінен қолданылуда.
Жоғарыда аталған мамандықтар бойынша студенттер жыл сайын Республикалық пәндік олимпиадаға және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады.
Жоғары мектептің ғылыми – педагогикалық әлеуеті отандық жұмыс берушілер арасында және шетелдік компанияларда бәсекеге қабілетті, өз бетінше шешім қабылдай алатын, тәрбиелі, шығармашылық жағынан қабілетті мамандар даярлай алады.

Оқытушылар
Байланыс
Шукуров Марклен Жексенович
Жетекші
04 - 217
2-01
Ескайрова Нурзия Назаргалиевна
Аға зертханашы
04 - 217
2-40
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу