Вакансии
Для слабовидящих

Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты

Институт құрамына 3 жоғары мектеп кіреді – «Ветеринарлық медицина және биологиялық қауіпсіздік», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» және «Экология және биоресурстар», «Жәрдем-Вет» ғылыми-өндірістік орталығы, «BIOTECH» инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы, ихтиология және аквакультура зертханасы.

Қазіргі кезде институтта 67 оқытушы, оның ішінде 3 академик, 11 ғылым докторы және 27-ден астам ғылым кандидаттары, сонымен қатар 11 PhD докторы жұмыс жасап жатыр.

Институт бакалавриат-магистр-докторантура үш сатылы үздіксіз білім беру мақсатында келесі мамандықтар бойынша кадрлар даярлайды: 5В120100 – Ветеринарлық медицина, 5В120200 – Ветеринарлық санитария, 6В09100/7М09100/8D09100 – Ветеринария, 7М05100 – Биотехнология, 6В08200/7M08200/8D08200 – Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, 6В08400/7М08400 – Аквакультура және су биоресурстары, 6В05200/7М05200 – Өндірістік экология.

Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты зооинженерлік факультеті ретінде 1963 жылдан бастау алды. 1982 жылы ол зооветеринарлық факультетіне ауыстырылды. Осы жылдар ішінде факультетті ветеринария мен мал шаруашылығының жетекші қайраткерлері басқарды: Артемьев Ю.А., Нуралиев М.М., Зубков Г.С., Рустенов А.Р., Аманжолов Б.А., Зинулин А.З., Молдашев Г.К., Ашетов И.К., Таубаев У.Б., Кушалиев К.Ж., Насамбаев Е.Г.

Б.Е.Нұрғалиев институтты 2017 жылдан бастап 2020 жылдың наурыз айына дейін жетекшілік етті.

2020 жылдан бастап институтты И.Н. Жұбантаев басқаруда.

Факультет деканының әр жылдардағы оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары: Ташкинов Н.И., Есенгалиев Қ.Ғ., Мурзашев Т.Қ., Бисенғалиев Р.М., Жұбантаев И.Н., Әлімбеков С.А., Сабыржанов А.У. болды.

Институттың бастапқы кезеңінде Е.Т. Сатқанов, В.А. Петровская, В.И. Горюнов, А.А. Карасаев, К.Г. Кудряков, Г.А. Аверьянов, Г.С. Зубков, А.Ф. Кирпичев, А.Д. Дарбаев, Н.И. Ташкинов, В.Е. Беглецов, Б.Д. Когабаев сияқты ғалымдар болды.

Институттың дамуына маңызды үлесін қосқан ғалымдар мен профессорлар: Бозымов Қ.Қ., Траисов Б.Б., Насамбаев Е.Г., Есенғалиев Қ.Ғ., Шалменов М.Ш., Абсатиров Г.Г., Мурзашев Т.К., Саденов М.М., Гусманов М.Г. және т.б.

1993 жылдан бастап факультет базасында аспирантура жұмыс істейді, мұнда ветеринарлық және мал шаруашылығы институтын бітірген жас мамандар мен ғалымдар теориялық және ғылыми-педагогикалық дайындықтан өтті. Осы жылдары ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялар қорғау мақсатында диссертациялық кеңес құрылды, оның құрамына жетекші ғалымдар, профессорлар, ауылшаруашылық ғылымдарының докторлары: Бозымов Қ.Қ., Траисов Б.Б., Үкібаев Х.И., Молдашев Г.К, доценттер, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаттары Бозымова Р.У., Баяхов А.Н. кірді. Кеңес төрағасы профессор, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Траисов Б.Б болды. Осы кезеңде институт түлектері: Бисенғалиев Р.М., Губашев Н.М., Қажгалиев Н.Ж., Закирова Ф.Б., Ахметалиева А.Б., Жұбантаев И.Н., Шукуров М.Ж. және тағы басқалары кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.

2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңінде ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының жас оқытушылары мен түлектері, докторантураны оқып  меңгеріп, докторлық диссертацияларын (PhD) сәтті қорғаған: Кереев А.К., Валиева Ж.М., Какишев М.Г., Душаева Л.Ж., Монтаева Н.С., Нугманова А.Е., Жумаева А.К. және т.б. Аспирантурада оқып, оны аяқтағаннан кейін кандидаттық диссертацияларын қорғағандар: Баянтасова С.М., Абирова И.М., Сидихов Б.М., Дарменова А.Г., Сабыржанов А.У., Гинаятов Н.С., Сенгалиев Е.М. , Касимова Г.В., Түменов А.Н., Сариев Б.Т., Батыргалиев Е.А.

Байланыс
Жубантаев Изимгали Нурымович
Директор
B - 201
1-89, 8 (7112) 50 10 78
Сабыржанов Арман Умиржанович
Директор орынбасары
B - 205
1-93
Аспандьярова Ания Каиргалиевна
Офис-менеджер
B - 201
1-93
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости