«Жас Отан» жастар қанаты ұйымы – «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі әртүрлі әлеуметтік топтардағы жас азаматтардың мүдделерін мемлекеттік өкілді және атқарушы билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында білдіретін ерікті ұйым.
«Жас Отан» ЖҚ-ның міндеттері:
Жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін және жауапты азаматтық ұстанымын, Республиканың мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан халқының мәдени мұрасына, тіліне және дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру;
Жастарды демократиялық, әлеуметтік әділ қоғам құру процестеріне тарту;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
Жастардың саяси экономикалық, әлеуметтік және өзге де құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерге қатысу;
Жастар мәдениетін қалыптастыруға, жастардың білім, зияткерлік және кәсіби деңгейін арттыруға жәрдемдесу;
Жастардың кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу, университеттің студенттерін жұмысқа орналастыруға көмектесу;
Жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларына қолдау көрсету және оларды іске асыру;
Жастарды аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу;
«Нұр Отан» партиясы мен «Жас Отан» ЖҚ-ның бағдарламалық құжаттарында белгіленген міндеттерді халыққа насихаттау және түсіндіру, «Жас Отан» ЖҚ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қолдау көрсетуші жастарды өзінің қатарына тарту;
Жастар ұйымдарымен және басқа да елдердің азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық орнатып, тиісті келісімдер жасау.
Жәңгір хан университеті студенттерінің Альянсы
Кунеев Муса Абдыгалиевич
Жәңгір хан университеті студенттер альянсының жетекшісі
Байланыс: 87478139703
Жәңгір хан университеті студенттерінің Альянсы – Жәңгір хан университеті студент жастардың интеллектуалды, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асыратын ұйым.
Басты мақсаты
Жастар және жасөспірімдер қылмысының, нашақорлықтың, токсикоманияның және басқа да девианттық жүріс-тұрыстың пайда болуының алдын алуда және оларға қарсы күресте жәрдемдесу;
Студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
Ұйымның ҚСА ішкі және сыртқы өзара әрекеттесуін жетілдіру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты негізінде студент жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру;
Ұлттық спорттық ойындарға жастарды бейімдеу, насихаттау;
Студенттердің жан – жақты дамуы мен студенттік көзқарасты қалыптасыру;
Студент жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға ықпал жасау.
Жастардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға, табиғи жетілуіне, спортты, туризмді дамытуға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға жәрдемдесу;
Жастарды аға буынға деген құрмет, қамқорлық және мейірімділік рухта тәрбиелеу.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51