Сынау орталығы

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ Сынау орталығының базасында аккредиттелген үш зертхана жұмыс істейді:

  • Химиялық талдау зертханасы;
  • Азықтарды зоотехникалық талдау зертханасы;
  • Биотехнология және жұқпалы ауруларды балау зертханасы.

Сынау орталығы МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» Қазақстан Республикасының KZ.T.09.E0858 2022 жылғы 15 наурыздағы аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген. Қазіргі уақытта аккредиттеу саласын кеңейту процесі жүріп жатыр.

Химиялық талдау зертханасы келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:

  • Топырақ пен жерді агрохимиялық талдау;
  • Суды химиялық талдау (жер үсті, жер асты және т. б.);
  • Атмосфералық ауаны және өнеркәсіптік кәсіпорындардың атмосфераға бөлінетін шығарындыларын талдау;
  • Ет, ет өнімдерін, балық, сүт және сүт өнімдерін, астықты талдау.

Азықтарды зоотехникалық талдау зертханасы ауыл шаруашылығы жануарларының азығын талдау бойынша қызмет көрсетеді (шикі жасұнықты, ылғалды, азықтық бірлікті және т. б. анықтау).

Биотехнология және жұқпалы ауруларды балау зертханасы мынадай қызмет түрлерін көрсетеді:

  • Ауыл шаруашылығы жануарларын ДНҚ-паспортизациялау;
  • Сот талқылауы кезінде жануардың шығу тегін анықтау;
  • Адам және жануарлар арасында COVID-19 диагностикасы;
  • Ауыл шаруашылығы жануарларының қанын морфологиялық талдау.

Биотехнология және жұқпалы ауруларды балау зертханасының асыл тұқымды ІҚМ генотиптеу деректерін енгізу үшін ақпараттық талдамалық базаға (ИАС) кіру мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, кемінде 12 микросателлиттік локус бойынша ірі малдың (ІҚМ) генотиптерін STR әдісімен анықтау бойынша халықаралық жануарлар генетикасы қоғамының (International Society for Animal Genetics (ISAG) ID number is 5144509) институционалдық мүшесі болып табылады. Зертхана патогендігі II-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар (18.08.2020 ж. бастап № KZ25VMY00001957). Сынау орталығы ҚР Батыс және басқа өңірлерінің жетекші мал шаруашылығы, өнеркәсіп және медициналық кәсіпорындарына қызмет көрсетеді.

Қызметкерлер
Байланыс
Бейшова Индира Салтанқызы
Директор
СО-110
2-09
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу