Сыбайлас жемқорлыққа қарсы портал

Сыбайлас жемқорлық теріс әлеуметтік феномен ретінде қазіргі заманғы қазақстандық қоғамның күрделі проблемасы болып табылады, оған қарсы күресті күшейтуге мемлекет басшысы «Ұлт жоспарында» ерекше мән береді және оған назар аударады, онда институционалдық реформаларды іске асырудың «100 нақты қадамының» бірі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасы мәселелерінің өзектілігі белгіленген.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мемлекет пен қоғам үшін сыбайлас жемқорлық туғызатын проблемалар мен қауіп-қатерлердің қаупіне, демократиялық институттардың, этикалық құндылықтар мен әділдіктің бұзылуына алаңдаушылық білдіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында оның қоғамдағы өсуін тежеуге бағытталған белсенділік танытуда.

• ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

• ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

• Университетте Қоғамдық штаб құрылды

• «Саналы ұрпақ» студенттік клубының мүшелері

• Тұжырымдаманы жүзеге асыру жоспары

Барлық білім алушыларының назарына!

2020 – 2021 оқу жылының 2 семестріне босаған білім гранттарын тағайындауға сайыс жариялануда.

1. Сайысқа қатысуға өтініш (университет ректорының атына);

2. Транскрипт;

3. Жеке куәлік көшірмесі

Кеңес алу үшін институт директорларына және эдвайзерлеріне хабарласуыңыз сұралады.

ЖОО басшысының атына білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға ниет білдірген, ақылы негізде оқитын студенттердің өтініштері ағымдағы жылдың 18 қаңтарына дейін қабылданады. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламалары шеңберінде осы білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізілген конкурс қорытындысы бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі.

Ғылыми кеңестің шешімі негізінде оқу процесінде босаған бос білім беру гранттарының орнына қатысатын үміткерлердің барлық құжаттары ағымдағы жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімде ҚР БҒМ-ге жіберілетін болады.

Нақты білім беру бағдарламасы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары аралық аттестаттау қорытындылары бойынша даярлау бағытының ішінде конкурстық негізде беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің бұйрығы негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік рәсімделеді.

Білім беру грантын беру туралы берілген куәліктің негізінде білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарылады.

Босаған мемлекеттік білім беру гранттарына үміткерлерді іріктеу бойынша қоғамдық штаб отырысының хаттамасы

Ғылыми кеңес отырысының хаттамасы

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу