Студенттерді әлеуметтік қолдау

Университет басшылығы әр түрлі әлеуметтік санаттағы студенттердің жағдайына ерекше көңіл бөледі. Университеттің барлық факультеттерінде жүйелі түрде көп балалы отбасылар, аз қамтылған отбасылар, жетім студенттер және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі студенттер саны туралы мәліметтер жинау жүзеге асырылады.

Университетте студенттерді әлеуметтік қорғаудың басым бағыттары болып:

* Аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы студенттерге, сондай-ақ мүгедектер мен жетім балалар қатарындағы студенттерге көмек көрсету және қолдау көрсету.

* Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар Студенттер үшін тең және кедергісіз қолжетімділік жасау.

* Студенттік жатақханалардан орын алуға басым құқықты тегін алу.

* Әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, әлеуметтік және медициналық сүйемелдеу, барлық әлеуметтік-осал санаттарға волонтерлік көмек көрсету.

2020-2021 оқу жылында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да білім алуда:

Мүмкіндігі шектеулі 3 студентке университетте білім алу үшін жағдай жасалған, сондай-ақ аурулардың ерекшелігін ескеретін бейімделген білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Кедергісіз, қауіпсіз және ыңғайлы қозғалу үшін жағдайлар жасалған, ғимараттар мен құрылыстарға қол жеткізу қамтамасыз етілген. Бөлінген орындары бар көлік құралдарының тұрағы бар. Оқу корпустары мен жатақханалардың ғимараттары пандустармен қамтамасыз етілген,оларға кіру мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету үшін арнайы, жақсы бекітілген сүйеніштермен жабдықталған. Денсаулық мүмкіндігі шектеулі студенттер жалпы топтарда оқиды.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 9 студент, оның ішінде 9 студент грант оқу нысанында оқиды.

«Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары-индустрияға» бағдарламасы бойынша оқитын студенттердің әлеуметтік және психологиялық бейімделуіне ерекше көңіл бөлінеді.

Жатақханаларда тұру қамтамасыз етіледі, бұл әлеуметтік байланыстарды сақтауға мүмкіндік береді және олар үшін жаңа білім беру және әлеуметтік ортаға кіру процесін жеңілдетеді.

Студенттерді әлеуметтік қолдау бағдарламасы аясында университеттің медициналық орталығында тегін медициналық қызмет көрсетіледі;

2019-2020 оқу жылына көрсетілген әлеуметтік көмек:

  • 35 студентке университет жатақханаларында тегін тұру қарастырылған;
  • Әлеуметтік қолдау аясында 7 студентке оқуға 50% жеңілдік көрсетілді.
  • Жетім студенттерге (қамқорлықта) күнделікті тамақтануға ақшалай қаражат түрінде көмек көрсетілді.
  • Белгіленген мерзім ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқорлықтағы, балалар үйінің тәрбиеленушілері болып табылатын студенттерге біржолғы жәрдемақы тағайындалды:

1) жоғары оқу орнына түсу кезінде-2 АЕК 5 556 теңге

  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қамқоршылықтағы, балалар үйінің тәрбиеленушілері болып табылатын студенттерге материалдық көмек көрсетілді (жалпы сомасы 132 722 теңге)»Серпін-2050: Мәңгілік Ел жастары-индустрияға» бағдарламасы бойынша білім алушы студентке оқуға 10% жеңілдік, сондай-ақ «KAZZINC» компаниясынан ақшалай қолдау түрінде көмек көрсетіліп, әрі қарай жұмысқа орналастыру және тұрғын үй ұсынуға жәрдемдеседі.
  • ҚР аумағында COVID-19 байланысты төтенше жағдай кезінде Өскемен қаласында тұратын 4 жетім студентке атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді;
  • Жетім студент (қамқорлықта) санатына жататын студенттерге  күнделікті тамақтануға ақшалай қаражат түрінде көмек көрсетілді.
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу