Вакансии
Для слабовидящих

Шетелде оқудың мүмкіндіктері

БҚАТУ студенттердің болашағы жарқын болуының негізгі кілті халықаралық білім тәжірибесін жинақтау болып табылатынын жақсы түсінеді. Сондықтан, БҚАТУ жазғы мектеп пен академиялық алмасудың көмегімен өз студенттеріне халықаралық ортада қарым-қатынас жасауға, жаһандық тенденцияға ілесіп, кең көлемде халықаралық білім мен әлемдік тәжірибелерді игеретіндей мүмкіндік беруге тырысады.

Студенттік алмасу бағдарламасына қатысу

Конкурсқа қатысуға өтінішті Институт алмасу семестрінің басталуынан 2-3 ай бұрын алдын-ала жариялайды.

Студенттер университет парақшасы немесе мобильдік желілер арқылы хабардар етіледі.

Қаржыландыру

Бағдарламаға байланысты студенттен әуе билеттері, виза, медициналық сақтандыру және күнделікті шығындар үшін төлем талап етілуі мүмкін.

Академиялық оралымдылыққа қатысу үшін студент келесі критерийлерге сай болуы тиіс:

толық академиялық жүктемесі бар БҚАТУ студенті болу;
бакалавриат студенті БҚАТУ-да кем дегенді бір оқу жылы білім алуы тиіс, ал магистратура (екіжылдық магистрлік бағдарламалар үшін) немесе докторантура студенті БҚАТУ-да кем дегенде бір семестр оқуы тиіс;
өтініш берушінің сынақ немесе шартты мәртебесі болуы тиіс емес, академиялық немесе тәртіп бұзушылығы болмауы тиіс;
ЖОБ 3.0 және жоғары (ЖОБ-сыз бағдарламаларға қолданылмайды);
курстар бойынша берешегі болмауы тиіс;
оралымдылық бағдарламасына өтінім берген күні 18 жастан асқан;
өтініш беруші Институт Комитетіне өзінің қабылдайтын ЖОО-ның барлық талаптарына сай екендігін көрсетуі тиіс.

Академиялық мәселелер жөніндегі басшылықтың қарауы бойынша, Институт директоры ұсынымы негізінде, осы критерийлердің кез келгеніне сәйкестік жойылуы мүмкін.

Магистратура және докторантура студенттеріне негізгі курстарды аяқтағаннан кейін Директордың қарауы бойынша академиялық оралымдылыққа қатысуға рұқсат етілуі мүмкін.

Өтініш беру процесі

Үміткерлер тиісті институт комитетіне келесідей құжаттарды ұсынады:

өтініш формасы;
түйіндеме;
транскрипт көшірмесі;
академиялық оралымдылық бағдарламасына қатысудан күтілетін нәтиже көрсетілген уәждеме хат;

Оқу бағдарламасы және студент оқуға түсуді жоспарлап отырған курстарды жан-жақты бағалау үшін басқа да тиісті ақпарат.

Әр Институт/бағдарламаның қосымша талаптары болуы мүмкін.

Академиялық оралымдылыққа өтініш беру процесі

СТУДЕНТ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРАЛЫМДЫЛЫҚ БОЙЫНША ЭДВАЙЗЕР
БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БАСҚАРМАСЫ
БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БАСҚАРМАСЫ
БІЛІМ БЕРУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГ БАСҚАРМАСЫ
АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРАЛЫМДЫЛЫҚ БОЙЫНША ЭДВАЙЗЕР
СТУДЕНТ

Жазғы мектептер, әдетте, жедел академиялық және мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынады. Бұл жаңа білім меңгеру тәжірибесін алудың, басқа елдерден достар кездестіріп, әлемді көрудің керемет мүмкіндігі. Жазғы мектептің ұзақтығы жаздың бірнеше күнінен бастап бірнеше аптаға дейін өзгеруі мүмкін.

Жазғы мектепте білім алудың артықшылықтары айқын:
Жаңа білім: жазғы мектеп сізге жаңа пәндерді үйренуге немесе өзіңізге белгілі бір салада өз біліміңізді тереңдетуге мүмкіндік береді.
Жаңа мәдени тәжірибе: өзіңіз үшін жаңа қалалар мен елдерді ашу, басқа халықтардың мәдениетімен, салт-дәстүрімен танысу мүмкіндігі.
Жаңа достар: жазғы мектепке қатысып, Сіз жаңа достар табасыз және өзіңіздің құрдастарыңыздың басқа елдерде қалай өмір сүретінін білесіз.

Мерзімі

Жазғы мектеп жайында хабарлама басталғанға дейін 2-3 ай бұрын жариялайды. Жазғы мектептер маусымның ортасынан тамыздың ортасына дейін өткізіледі. Студенттер университет сайт парақшасы немесе әлеуметтік желі арқылы хабардар етіледі.

Өтініш беру процесі ?????

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости