«Рухани жаңғыру» орталығы

1963 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты мен қоғамдық ғылымдар кафедрасы ашылғаннан кейін «Философия және ғылыми коммунизм» кафедрасы құрылды.1968-1969 оқу жылында «Философия және ғылыми коммунизм» кафедрасы қоғамдық ғылымдар кафедрасынан бөлініп шықты.
Алғашқы кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доцент Шокабасов Темеш Джиенгалиевич болды. Кафедраның қалыптасуы мен дамуында оның еңбегі зор.
Кафедраны әр жылдары философия ғылымдарының кандидаттары Е.Ш.Ниязов пен Т.Х .Рыскалиев басқарды. Профессор Т.Х. Рысқалиев 1991-1994,2004-2006 жылдары екі мәрте философия кафедрасына басшылық етті.
2009 жылдан бастап философия ғылымдарының кандидаты, доцент В.А.Есенгалиева басқарып келеді.»Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасы университет деңгейіндегі ең белсенді және алдыңғы қатарлы кафедралардың бірі болып табылады.
2009-2010, 2011-2012 оқу жылдарының қорытындысына сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша кафедра ІІІ орынды иеленді.
2014-2015, 2015-2016 оқу жылдарының қорытындысына сәйкес оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары бойынша кафедра І орынды тұрақты иеленіп келеді.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізгі идеяларын іске асыру мақсатында 2018 жылдың сәуірінен бастап кафедра негізінде «Рухани жаңғыру» Жоба орталығы жұмыс істеуде.
2018-2019 оқу жылынан бастап «Қазақстан тарихы және ӘГП» кафедрасы «Рухани жаңғыру» орталығы деп өзгертілді.

Байланыс
Сералы Акбар Мұхамеджанұлы
Директор
2-200
2-60
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу