Жалпы техникалық дайындық орталығы

1964 жылы қыркүйек айында орталық алғаш рет кафедра болып құрылып, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің құрамына кірді. Кафедраның қалыптасуы мен дамуының қиын кезеңінде өзінің қабілеттілігі мен ұйымдастырушылығымен даралана білген, кафедра меңгерушісі Сағнаев Қ.С. басшылық етті. Сонымен қатар, оқытушылар С.К.Алышев, К.Г. Четверкина еңбек етті.
1965 жылы И.А.Гребенюк және Ю.Б.Ермаков, ал 1969 жылы техника ғылымының кандидаты В.А.Исаев кафедраға жұмысқа алынды. В.А. Исаевтың келуімен оқу-әдістемелік жұмыс сапасы жақсарып, кафедраның материалдық-техникалық базасы айтарлықтай нығайды. Теориялық механика, машина бөлшектерінің кедергі материалдары бойынша зертханалары, сызба геометрия мен сызу кабинеттері ашылды. «Ауылшаруалық өндірісін механикаландыру» мамандарын дайындауда бір мамандық бойынша жүргізілді.
Кафедрада «Сызба геометриясы және сызу», «Теориялық механика», «Материалдар кедергісі», «Машиналар мен механизмдер теориясы», «Машина бөлшектері» және «Көтеріп-тасымалдаушы машиналар» пәндері оқытылды.
1970 жылдан бастап кафедра өз түлектерімен толықтырыла бастады. Кафедраға О.С Диков, А.Г.Махорин, А.С.Тен, Д.В.Сакара, М.А.Утегенов, Б.Н.Нуралин, Р.Р.Джапаров, В.А.Гроздов, В.С.Кухта, С.М.Ахметов, Е.М.Джаналиев, Ж.К.Кубашева, А.А.Бакушев, А.М.Хамсин, М.К.Дусенов, А.А.Кашбаев, М.С.Галиев, Б.Д.Сарбалина жұмысқа қабылданды.Олардың көпшілігі кейіннен Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жоғары оқу орындарында аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.
1995 жылдан факультетте жаңа мамандықтар ашылуына байланысты кафедрада қосымша механика, қолданбалы механика, машина бөлшектері мен құрастыру негіздері, инженерлік механика, компьютерлік графика, инженерлік графика пәндері бекітілді. Кафедра штаты толығып, А.Ж.Нуралин, А.Е. Сагиров, К.А.Байдалиев, Ә.Ә.Әбілман, А.У.Туманов, А.К. Кульдыбаев, Д.Ж. Гумаров сияқты жаңа оқытушылармен көбейді.
2008 жылы факультетте жаңадан 5В012000-«Кәсіптік оқыту» мамандығы ашылып, кафедраға бекітілді. Кафедрада «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Слесарлық іс», «Кәсіптік оқытудың әдістемесі», «Оқушыларды кәсіпке дайындау жүйесіндегі жаңа оқыту технологиялары», «Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру» және «Кәсіби педагогикадағы ғылыми зерттеулердің негіздері» және т.б. жаңа пәндер оқытыла бастады.
2015-2016 оқу жылы кафедраға екінші мамандық – 5В010400 – «Бастапқы әскери дайындық» бекітіліп, кафедрада оқылатын пәндер тізімі «Әскери тарих», «Әскери патриоттық тәрбиенің негізі», «Жаңа оқыту технологиялары», «ҚР Қарулы күштерінің жалпы әскери Жарғысы» және т.б. пәндермен толықты.
Әр жылдары доцент Қ.С. Сағнаев (1964-1970, 1978-1985), В.А. Исаев (1970-1978), Д.В Сакара (1985-1993, 1998-2000), Б.Н. Нуралин (1986-1988), Р.Р. Джапаров (1993-1998,2000-2002, 2004-2012), Е.М. Джаналиев (2002-2004, 2012- 2017), Ж.К. Кубашева (2017 – 2018), М.К.Дусенов (2018 – 2020), 2020 жылдың 2 наурызынан бастап Е.М. Джаналиев кафедрада басшылық етуде.
2020 жылдың маусымында «Кәсіби білім беру» жоғары мектебі өндірістік қажеттілікке байланысты «Кәсіби және көркем – технологиялық білім беру» жоғары мектебі және «Жалпы техникалық дайындық» орталығы болып бөлінді. Орталық физика және математика оқытушыларымен жасақталып, қазіргі уақытта орталық штаты 18 профессор-оқытушылар құрамынан тұрады. Директор м.а.,доцент т.ғ.к. Е.М. Джаналиев басқаруда.. Орталыққа 27 пән, 13 оқу аудиториясы оның ішінде «Материалдар кедергісі», «Физика» және т.б. пәндер бойынша зертханалық кабинеттермен бекітілген.

Оқытушылар
Байланыс
Джаналиев Ерназар Максутович
Директор
05-309
1-48
Султаниярова Нурлыгул Самиголлиевна
Аға зертханашы
05-309
1-48
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу