Бос жұмыс орындары
Нашар көретіндер үшін

МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Түлектерді еңбекпен өтеу мәселелері

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектерді еңбекпен өтеу мәселелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының (2021 ж. 8 қантарына қарағанда өзгерістер мен толықтырулармен) 47 бабының 17 пунктімен https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319 және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 30 наурызындағы №390 «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату Ережелерінің 30 пунктімен реттеледі http://law.gov.kz/client/#!/doc/64420/rus

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқыған түлектердің міндетті жұмысты өтеуіне талаптар өзгерді

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған түлектердің жұмысты өтеу мәселелерін реттейтін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңының 47-бабына ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер енгізілді.

Ауылдық квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринарлық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін тиісінше ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын органдар бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.Өзгерістер енгізілгенге дейін жұмысты өтеуді тек мемлекеттік ұйымдарда атқаруға болатын еді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары оқуын бітіргеннен кейін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.

Қазақстан Республикасының азаматтары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында көзделген мерзім шегінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша нақты оқыған уақытына мөлшерлес жұмысты өтейді келесі жағдайларда:

1) ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысу;

2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негізде оқуға ауыстыру;

3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарылған жағдайларда.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-2-тармағында келтірілген түлектерді бөлуді және бітірушілер санатын еңбекпен өтеуден босатуды университеттің жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі Комиссиясы жүзеге асырады.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:

1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;

2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабының 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды дербес бөлу жөніндегі Комиссияның шешімімен жас мамандардың мынадай санаттарына беріледі:

1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;

2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;

3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;

4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға.

Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:

1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;

3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;

4) 47 баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.

47-баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 47-баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзін оқытуға байланысты бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеуге міндетті.

Бюджет қаражаты есебінен келтірілген шығыстарды өтеу нақты жұмыс істелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін 8-7112-50-10-09 мансап және бизнес серіктестік орталығына хабарласыңыз. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мониторингін қамтамасыз ету бойынша білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы болып табылатын «Қаржы орталығы» АҚ ақпараттық ілгерілетудің қосымша құралы ретінде мүдделі тұлғалар үшін барлық қажетті ақпарат ұсынылған Telegram FINCENTER bot мессенджерін әзірлеген болатын, ол жұмыс істейді. Төменде келтіріліген QR-код бойынша Сіз Telegram FINCENTER bot-қа кіре аласыз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу