Вакансии
Для слабовидящих

Орталық туралы (Мансап және бизнес-серіктестік орталығы)

Мансап және бизнес-серіктестік орталығы – ЖОО мен еңбек нарығы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын құрылымдық бөлімше. Орталық 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

Орталықтың миссиясы: Жәңгір хан атындағы БҚАТУ түлегінің тиімді мансаптық траекториясын жүзеге асыру.

Орталықтың басты мақсаты: Университет түлектерін жұмыспен қамтуға және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.

Орталық қызметінің негізгі міндеттері:

  1. бизнес-құрылымдармен ынтымақтастықты дамыту және жүзеге асыру;
  2. жұмысқа орналастыру және мансапты қадағалау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
  3. ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
  4. түлектер және қамқоршылар қауымдастығының жұмысын ұйымдастыру;
  5. жұмыс берушілерді оқу процесіне тарту;
  6. студенттер мен түлектерді жұмысқа орналастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (Бос орындар жәрмеңкесі, жұмыс беруші компаниялардың тұсаукесерлері, қонақ дәрістері және т. б.);
  7. олардың мансабын қадағалау үшін түлектермен байланыс орнату, қолдау және дамыту;
  8. компанияларда кәсіби іріктеуден өтуге дайындық, жұмысқа қабылдау кезінде түйіндеме жазу және сұхбат алу бойынша тренингтер ұйымдастыру;
  9. еңбек нарығын талдау және нарықтың даму үрдістері және жұмыс берушілердің мамандарға қоятын талаптары туралы ақпаратты талдау.

Мансап және бизнес-серіктестік орталығының құрамы:

  1. Директор – экономика ғылымдарының кандидаты Сұлтанова Зәмзәгүл Хамитқызы
  2. Жетекші маман – ветеринария ғылымдарының кандидаты Әбекешев Нұржан Тұрсынбайұлы
  3. Маман – мұнай-газ ісінің магистрі Сарсенова Адель Аскарбекқызы

Байланыс:

Тел: 8-7112-50-10-09, ішкі 2-24.

E-mail:mansaportaligi@mail.ru

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости