Бос жұмыс орындары

«Халықаралық қысқы мектеп – 2021»

Құрметті білім алушылар мен жас ғалымдар!

2021 жылдың 15-28 ақпан аралығында «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КЕАҚ «Халықаралық қысқы мектеп­ – 2021» іс-шарасын келесі бағыттар бойынша ұйымдастырады:

«Қазақстанның табиғи ресурстарын бағалау және басқару мәселелері» –жетекшісі Есполов Тілектес Исабайұлы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры, ҚР ҰҒА Вице-президенті, академик, экономика ғылымдарының докторы, профессор;

«Жасыл экономика» – жетекшісі Тиреуов Қанат Маратұлы, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор;

«Агробизнес» – жетекшісі Керимова Укиляй Керимовна, ҚазАСХН академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор;

«Ауыл шаруашылығындағы инновациялық технологиялар мен техникалық құралдар» – жетекшісі Кешуов Сейітқазы Асылсейітұлы, ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор;

«Жер және орман ресурстарын басқару» – жетекшісі Байзақов Сәбит Байзақұлы, ҚР ҰҒА Академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқару» – жетекшісі Кененбаев Серік Барменбекұлы, ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

«Қазақстандағы жеміс шаруашылығы мен көкөніс шаруашылығының инновациялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету» – жетекшісі Айтбаев Теміржан Ерқасұлы, ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

«Биологиялық қауіпсіздіктегі ветеринария» – жетекшісі Иванов Николай Петрович, ҚР ҰҒА академигі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор;

«Агроөңдеу технологиялары» – жетекшісі Оспанов Асан Бекешұлы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор;

«Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын басқару» – жетекшісі Омбаев Абдрахман Молданазарович, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» – жетекшісі Садықұлов Төлеухан Садықұлы, ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

«Топырақтану, агрохимия және экология» – жетекшісі Елешев Рахымжан Елешұлы, ҚР ҰҒА академигі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор;

«Агротуризм» – жетекшісі Сүлейменов Жеңісбек Жұмағалиұлы, ҚР ҰҒА академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

«Халықаралық қысқы мектеп – 2021» іс-шарасының мақсаты – жаңа білім, практикалық дағдылар, инновациялық технологиялар мен ғылыми зерттеулер жүргізу әдістемелерін ұсыну.

Қысқаша аннотация. Мектеп тыңдаушыларына АӨК дамыту бағыттары бойынша жаңа білім мен практикалық дағдылар алудың бірегей мүмкіндігі беріледі. Дәрістер, шеберлік сағаттары /тренингтер мен дөңгелек үстелдерді жетекші шетелдік ғалымдар, сондай-ақ Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің, салалық ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми-өндірістік орталықтардың ғалымдары, өндіріс өкілдері өткізетін болады.

Жұмыс тілі: ағылшын, орыс.

Халықаралық қысқы мектепке қатысу шарттары:

2021 жыл 12 ақпанға дейінгі мерзімде қатысушының тіркеу сауалнамасын толтыру қажет (1-қосымша);

Алдын ала бағдарлама

Халықаралық қысқы мектеп–2021

Іс-шараның күні мен уақыты:

2021 жыл 15 ақпан 13:00-14:00 – қатысушыларды онлайн тіркеу

2021 жыл 15 ақпан 15:00 – Халықаралық қысқы мектептің ашылуы

2021 жыл 15 ақпан 16:00-18:00 – пленарлық отырыс

2021 жыл 15-28 ақпан – бағыттар бойынша білім беру курстары

2021 жыл 28 ақпан 15:00-17:00 – Халықаралық қысқы мектептің жабылуы және сертификаттарды тапсыру

Қатысушылар ҚазҰӨАУ-дың «Ізденістер, нәтижелер – исследования, результаты» ғылыми журналында ауыл шаруашылығы, ветеринария, биология, техникалық, экономикалық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми мақалалар жариялай алады. Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар қоса беріледі (2-қосымша).

Ұйымдастыру комитеті:

050010, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8

«Қазақ ұлттық аграрлық университеті» КЕАҚ

Байланыс телефондары:

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры Алдиярова Айнұр 8(727) 262-17-63;

Магистратура бөлімінің жетекші маманы

Қапар Шекербан 8(727) 262-17-63;

Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы

Бекзат Әбиұлы Төрегелдиев 8 (727) 264-19-95

Электрондық адрес:

ainura.aldiarova@kaznau,kz,

bekzat.turegeldiyev@kaznau.kz

1 қосымша

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫСҚЫ МЕКТЕП – 2021» іс-шарасына қатысушыларды тіркеу сауалнамасы:

Аты-жөні (толық)

Туған жылы және күні

Қала, ел

ЖОО, мамандығы

Мектеп бағытын таңдау

Байланыс телефондары

E-mail

Мекенжайы және тұрғылықты жері

Қосымша 2

Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар:

Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады. Қолжазбаларды авторлар мұқият тексеріп, өңдеуі керек. Мақалаларға барлық авторлар қол қоюы керек. Қолжазбаның көлемі 3 беттен кем болмауы және өз зерттеулерінің нәтижелерін қамтуы керек. Шолу мақалалары қабылданбайды.

Қолжазбалар электронды және қағаз түрінде, бір данада, Times New Roman редакторында А4 форматындағы парақтың бір жағында басылған, кегль – 12, интервал – 1, абзац – 1, жоғарғы және төменгі шегіністер – 2,5 см, сол жақта – 3 см және оң жақта – 1,5 см, ГОСТ 7.5-98 және ГОСТ 7.1-2003 сәйкес болуы қажет.

Мақала элементтері келесі тәртіпте орналасуы тиіс: ӘОЖ (солдан жоғары); ортасында интервал арқылы қалың қаріппен – автор(-лар)дың аты, әкесінің аты, тегі; интервал арқылы курсивпен автор(-лар) жұмыс істейтін ұйымның (қаланың) атауы; ортасында интервал арқылы мақаланың атауы бас әріптермен жазылады.

Негізгі мәтіннің алдында мақалаға 10 жолдан аспайтын көлемде түпнұсқа тілінде аннотация және түйін сөздер жазылады.

Мәтін, әдетте, кіріспе, материалдар мен әдістерді, зерттеу нәтижелерін және оларды талқылауды, қорытындыларды, әдебиеттер тізімін қамтуы керек. Әдебиеттер тізімінен кейін мақала түпнұсқасынан белгіленген басқа 2 тілде автор(-лар)дың аты-жөні, мақала атауы, аннотация (4-5 жолдан кем емес) және түйін сөздер көрсетілуі тиіс. Суреттер мен сызбалар анық болуы керек. Егер олар графикалық объектілерде жасалса, оларды жеке парақтарда ұсыну қажет. Осы жарияланымның барлық авторлары/бірлескен авторлары пайдаланылған әдебиеттердің сілтемелеріне сәйкес келуі тиіс.

Бөлімдердің атаулары: кіріспе, материалдар мен әдістер, нәтижелер мен талқылау, қорытындылар қызыл жолдан орналасуы және нүктесіз қалың шрифтпен көрсетілуі керек.

Мәтінде астын сызуға, қою қаріппен және курсивпен белгілеуге жол берілмейді.

Журналға университет қызметкерлерінің, өзге ұйымдардың мақалалары – ілеспе хат, рецензия және жариялау мүмкіндігі туралы ұйымның сараптамалық қорытындысы болған жағдайда қабылданады.

Жеке парақта барлық авторлар туралы мәліметтер: аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ұйымның толық атауы, мекенжайы, телефоны, факсы, e-mail поштасы берілуі шарт.

Сондай-ақ, қысқы мектеп аясында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттары бойынша бастапқы жобалар байқауы өтеді.

Бұл байқаудың басты мақсаты – тыңдаушылар арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту.

Біз сіздердің «Халықаралық қысқы мектеп – 2021» іс-шарасына белсенді қатысатындарыңызға сенеміз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу