Басқарма төрағасы-ректордың бірінші орынбасары – стратегиялық даму және қаржы жөніндегі проректор. Ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, аграрлық мамандықтар бойынша ҚазҰУ жанындағы РОӘК мүшесі, ветеринарлық мамандықтар бойынша ҚР МЖМБС әзірлеуші. Әр жылдары БҚАТУ-да оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, "студент Сервис" ЖШС директоры, ветеринарлық медицина және санитария факультетінің деканы қызметін атқарды. 130-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде инфекциялық ауруларды диагностикалау, алдын- алу және емдеу мәселелеріне арналған оқу құралдарының, ұсынымдардың, нұсқаулықтардың авторы. "ҚР Конституциясына 10 жыл", "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен, ҚР БҒМ "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" және "ЖОО үздігі", "ЖОО ардагері" төсбелгілерімен марапатталған. ҚР Президентінің Алғыс хаты мен ҚР БҒМ Құрмет грамотасының иегері.
Басқарма төрағасы-ректордың орынбасары – ғылым жөніндегі проректор.Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы ғылыми-техникалық кеңестің мал шаруашылығы секциясының мүшесі. Әр жылдары ҚР ММ РҚММ Селекциялық жетістіктерді сараптау қызметінің бастығы, «ҚазАгроИнновация» АҚ ҒТҚД жөніндегі менеджері, «Асыл түлік республикалық асыл тұқымды орталығы» АҚ басқарма төрағасы, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-инновациялық орталығы» ЖШС бас директоры болып қызмет атқарды. Әлжан Смайылұлы мал шаруашылығындағы 7 селекциялық жетістіктердің, мал шаруашылығы мәселелеріне арналған 70-тен астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ірі қара және жылқы шаруашылығы), оның ішінде 2 оқулықтың, 5 оқу-әдістемелік құралдың, 7 ұсыныстың, 1 нұсқаулықтың авторы. Ол «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі, «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек даңқы» I, II және III дәрежелі медальдарымен марапатталған.
Басқарма төрағасы-ректордың орынбасары – тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,доцент, қауымдастырылған профессор, БҚО ҚХА ғылыми-сараптама тобының мүшесі. Экономика факультеті деканының орынбасары, "Маркетинг және менеджмент" кафедрасының меңгерушісі, Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор болып жұмыс істеді.50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде оқу құралдарының, әдістемелік ұсынымдардың авторы."Қазақ хандығына 550 жыл" естелік медалімен, ҚР БҒМ "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" және "ЖОО үздігі", "ЖОО ардагері" төс белгілерімен, II дәрежелі "Еңбек даңқы" төсбелгісімен, ҚР БҒМ құрмет грамотасы марапатталды.
Басқарма төрағасы-ректордың орынбасары – оқу жұмыстары жөніндегі проректор. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, доцент. Әр жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кафедра меңгерушісі, басқарма басшысы, департамент директоры, оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор қызметтерін атқарды. 10-нан астам оқу басылымдарының, 140-тан астам ғылыми мақаланың, екі монографияның авторы. Мал шаруашылығында селекциялық жетістіктерге 5 патенті бар. ҚР БҒМ және ҚР АШМ құрмет грамоталарымен, ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, ҚР БҒМ "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін"төсбелгісімен марапатталған. Жас және талантты ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның лауреаты.
Ректор аппаратының басшысы
Өндірістік, техникалық және инфрақұрылымдық қамтамасыздандыру департаментінің директоры, ветеринария ғылымының докторы, профессор
«Экономика және қаржы» департаментінің директоры, экономика ғылымдарының кандидаты
Стратегиялық даму және талдау басқармасының басшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты
Білім беру менеджменті және мониторингі басқармасының басшысы, техника ғылымдарының кандидаты
Академиялық мәселелер жөніндегі басқарманың басшысы, техника ғылымдарының кандидаты
Ақпараттық жұмыс басқармасының басшысы, техника ғылымдарының магистрі
Қосымша білім беру, біліктілікті арттыру бөлімінің басшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
«Студенттер контингентін қалыптастыру» орталығының директоры
«Парасат» ақпараттық білім беру орталығының директоры
Цифрлық даму орталығының директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты
Индустриалды-технологиялық институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор
Политехникалық институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты
Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты
Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институтының директоры, қауымдастырылған профессор (доцент), ветеринария ғылымдарының кандидаты
Агротехнологиялық институтының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент