Мұнай, газ және химиялық инженерия жоғары мектебі

«Мұнай, газ және химиялық инженерия»  жоғары мектебінде білім беруі бағдарламасы келесі бағытта  жүргізіледі:

  • 6В07100 –  Химиялық инженерия және процесстер
  • 6В07202 – Мұнай-газ ісі
  • 6В07204 – Геология және пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау
  • 7M07100–  Химиялық инженерия және процесстер (ғылыми-педагогикалық бағыт)
  • 7M07110– Химиялық инженерия және процесстер (бейіндік бағыт)
  • 7М07202 – Мұнай-газ ісі (ғылыми-педагогикалық бағыт)
  • 7М07212 – Мұнай-газ ісі (бейіндік бағыт)

Жоғары мектепте 20 оқытушы қызмет атқарады, соның ішінде 7 ғылым кандидаты , 13 ғылым магистрі бар. Оқытушылар түрлі халықаралық конгрестер мен конференцияларға, ғылыми семинарларға белсенді қатынасып,  тағылымдамалардан өтіп, үнемі біліктіліктерін арттырып отырады.

Жоғары мектепте білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен қатар «Жас химик-мұнайшы» үйірмесі мұнай-газ және химиялық инженерия саласының инновациялық деңгейін көтеру бағытында өз жұмысын жасауда.

Мұнай, газ және химиялық инженерия саласында білікті мамандар дайындау үшін білім алушылар «Конденсат» АҚ, «Оралмұнайгазгеология» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «Топан» ЖШС, КПО б.в., «Казнефтехим Оперейтинг» ЖШС, «Контакт Ойл» ЖШС және т.б. кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді.

Бүгінде біздің түлектеріміз еліміздің және алыс-жақын шет елдердің мұнай-газ және химиялық технология салаларында ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларда,  ірі кәсіпорындарда жұмыс жасайды.

Жоғары мектеп Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетімен тығыз жұмыс жүргізуде.

Оқытушылар
Байланыс
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу