Құрылыс және құрылыс материалдары жоғары мектебі

Бүгінгі таңда «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебі университеттің жетекші жоғары мектептерінің бірі болып табылады.
Жоғары мектебінде оқу-әдістемелік жұмысқа негізгі көңіл аударылады. Соңғы жылдары «Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінің жылдық оқу жүктемесі аудиториялық сабақтардан, студенттердің оқытушылармен өзіндік жұмыстарынан, курстық және дипломдық жұмыстардан, оқу-өндірістік сараманнан, магистрлік диссертациялардан тұрады.
«Құрылыс және құрылыс материалдары» жоғары мектебінде бүгінгі таңда 2 профессор, 4 доцент м.а., 3 PhD докторы, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы, 1 аға зертханашы, 2 өндірістік-оқыту шеберлері бар. Ғылыми дәреже деңгейі 50 пайыз.
Жоғары мектебінің оқытушылары жыл сайын еліміздегі, жақын және алыс шет елдердегі алдыңғы қатарлы университеттер мен мекемелерде біліктіліктерін арттыруда: «Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі», «Гидромаш-Орион» ЖШС, «KazConstructionGroup» ЖШС, «Строительные инициативы» ЖШС, «Стройкомбинат» ЖШС, «Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы» ЖШС (Орал қ.), Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ.), Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс универсиеті, Прага жаратылыстану университеті (Чехия), т.б.
Жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Саратов мемлекеттік техникалық университеті, Самара мемлекеттік сәулет-құрылыс университеті, Самара мемлекеттік техникалық университеті, Пенза мемлекеттік сәулет және құрылыс университеті, Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ҰТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Атырау мұнай және газ институты және басқа да университеттердегі әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан.
Жоғары мектепте заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған «Жас құрылысшы» оқу-ғылыми өндірістік орталығы қарқынды жұмыс жасауда.

Байланыс
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу