Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері және білім алушылары атынан ҮНДЕУ

Аса мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Құрметті отандастар!

Еліміз соңғы күндері күрделі кезеңді бастан өткізіп жатқаны бәрімізге белгілі. Террористік экстремистік ұйымдардың халықтың ойын бұрмалап, елдің тыныштығын бұзуы мен арандатушылық теріс әрекеттері салдарынан көптеген қарапайым халқымыз зардап шегіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық  жағдайына өзінің кері әсерін тигізуде.

Қазір біз бірлігімізден айырылмай, тұтастығымызды сақтап қалатын сын сәтте тұрмыз. Сондықтан біз ең алдымен елдің болашағы мен тыныштығын ойлап, елдің тұтастығын сақтап қалуымыз қажет.

Жәңгір хан университетінің ұжымы, елмен әрқашан да бірге екендіктерін білдіріп,  Президентіміздің елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығын сақтау, тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қорғау мақсатында күрделі оқиғаға байланысты қабылдап отырған барлық шешімдерін бірауыздан қолдайды. Сонымен қатар университет ұжымы атынан еліміздегі келеңсіздік салдарынан мерт болған азаматтардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақытқа дейін талай қиыншылықтарды еңсерді. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.

Қадірменді отандастар! Баршаңызды ел тұтастығы мен тыныштығын сақтауға, сабырлы болуға, теріс пиғылды арандатушылардың әрекетіне жол бермеуге шақырамыз.                    

Біз Мемлекет басшысының оң шешімдерінің және  ынтымағымызбен бірлігіміздің арқасында бұл қиындықты да бірге жеңеміз. Біз бұған кәміл сенеміз.

Тәуелсіз еліміздің намысын ешкімге таптатпай, Ата – бабаларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған ұлан байтақ жерін бірге қорғап, лаңкестердің арандатушылық әрекеттеріне бірге қарсы тұрайық!

Біз елдің тұтастығы мен тыныштығын қолдаймыз!

ҮНДЕУ

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу