Шығармашылық емтихан тапсыратын талапкерлердің назарына!

Шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Шығармашылық емтихан 2022 жылғы 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсетін талапкерлер өздері таңдаған жоғары оқу орындарына шығармашылық емтихандар тапсырады.

Орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар талапкерлер үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар, ал қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар ескеріледі.

11 (12) сыныпты аяқтаған оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 45 – балдық жүйе бойынша, қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін оқуға түсушілер үшін 20 – балдық жүйе бойынша бағаланады.

Арнайы және (немесе) шығармашылық емтихандарды тапсыру үшін қабылдау комиссиясына келесідей құжаттарды ұсыну қажет:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (төлнұсқа);

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 дана фотосурет;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

5) “Дене шынықтыру және спорт туралы” 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады.

Қосымша сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

8 (7112) 50-21-42

8 777 268 00 77

8 707 681 00 75

8 747 598 74 46

8 775 849 7550

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу