Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсуші талапкерлерге!

Шығармашылық емтихандардың тапсыру мерзімі бекітілгені жөнінде хабарлаймыз!

Шығармашылық емтиханға қатысу үшін, 7 шілдеге дейін құжаттарыңызды ЖОО-ның қабылдау комиссиясына өткізуіңізді сұраймыз.

Құжаттар тізімі:

1) жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжат (төлнұсқа);

2) 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) ҰБТ сертификаты (бар болса);

5) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармағында белгіленген спорттық разрядтардың және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса) тапсырады;

6) конверт, папка (дело, скоросшиватель).

Қосымша сұрақтар бойынша телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (7112) 50-21-42, 8 777 268 00 77, 8 707 681 00 75, 8 747 598 74 46, 8 775 849 7550

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу