ШЕБЕРЛІК САҒАТЫНА ҚАТЫСЫҢЫЗ!

Сіздерді 23 қаңтар сағат 11:00-де Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да өтетін (корпус 02-206 ауд.) «Университеттегі инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» атты шеберлік сағатына шақырамыз.

Басты мақсатымыз – оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, шетелдік педагогикалық тәжірибені көрсету. Іс-шара университеттің мүмкіндігі шектеулі студенттерге дәріс беретін профессорлық-оқытушылар ұжымына арналған.

Барлығыңызды шеберлік сағатына қатысуға шақырамыз.

Іс-шараны ұйымдастырушылар:

Инклюзивті білім беру бойынша координатор, аға оқытушы, магистр Джакупова Айгуль Ғазизуллақызы;

аға оқытушы, магистр Диярова Лунара Бақытжанқызы.

Байланыс телефоны: +77073785153

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу