Мемлекеттік бюджет есебінен оқитын студенттермен жұмысты өтеу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жиналысы

Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстанаграрлық-техникалық университетінің Мансап және бизнес-серіктестік орталығының қызметкерлері «Қаржы орталығы» АҚ-мен бірлесіп, мемлекеттік тапсырыс негізінде ауылдық квота бойынша оқитын университет студенттерімен, сондай-ақ квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан білім алушылармен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.

Отырысқа Басқарма Төрағасы-ректордың орынбасары, оқу ісі жөніндегі проректор, а.ш.ғ.д. Ғұбашев Нүркен Маратұлы және «Қаржы орталығы» АҚ Әлеуметтік жобаларды мониторингілеу департаментінің менеджері А.С. Серікқали қатысты. Жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына А.С. Серікқали жауап берді.

Жиналыс барысында орталықтың жетекші маманы, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент Н. Т. Абекешев оқыу аяқталғаннан кейін жоғарыда көрсетілген санаттағы білім алушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес қойылатын талаптар туралы айтып берді. Сонымен қатар, жас мамандарды жұмысқа бөлу мәселелері қаралды.

Жас мамандар мен PhD философия докторларының жұмысты өтеу міндеті [ЖҮКТЕУ]

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу