Магистратураға түсушілер назарына!

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға тіркеу басталады.

КТ-ға өтініш қабылдау 2021 жылғы 1-15 қараша аралығында жүргізіледі. КТ ағымдағы жылғы   қараша – желтоқсан айларында өткізіледі. 

Тіркелу барысында түсушілер өз еркімен тестілеу тапсыру қаласын таңдайды.

Егер де түсушіге берілген өтінішке өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда (тестілеу тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеу тапсыру тілі), оларға өтініш беру базасы жабылғанға дейін (15 қарашаға дейін) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.

Тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат ағымдағы жылғы 26 қарашада түсушінің жеке кабинетінде қол жетімді болады.

КТ-ға қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

Толығырақ: https://testcenter.kz/ru/press-tsentr/novosti/detail.php?ID=4579  

Университеттің білім беру бағдарламалары (мамандықтары) туралы толық ақпаратты университет сайтынан оқи аласыздар. Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу  немесе ақылы негізде оқу бойынша сұрақтарыңызды qabylday.bqatu@gmail.com электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 7112 50 24 01, 50 21 42, + 7 777 268 00 77, +7 775 849 75 50

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу