МАГИСТРАТУРА – 2022!

Болашақ магистранттарға, сәлем! Бакалавриаттан кейін жаңа білім алу деңгейіне дайынсыздар ма?

2022 жылдың 10 маусымынан бастап 15 шілде аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге (КТ) қатысуға тіркеу басталады.

Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) ӨЗІҢІЗ таңдайсыздар!

Кешенді тестілеу 2022 жылдың 20 шілдесі мен 10 тамыз аралығында өткізіледі.

Магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеу 3 блоктан тұрады:

• Шет тілі бойынша тест;

• Оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;

• Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест.

* Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар магистратураға КТ-ның шет тілі бойынша тестінен босатылады.

Кешенді тестілеуге қатысу құны – 11 020 теңге.

Кешенді тестілеуге төлем тіркелу кезінде онлайн жасалады.

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу