Құрметті жұмыс берушілер!

Сіздерді 17-18 мамырда Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде өтетін «Бос орындар жәрмеңкесіне» қатысуға шақырамыз.

 «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» шарасына қатысуға қызығушылық білдірген жағдайда Сізден ұсынылып отырған «Тапсырыс Заявка» формасына сәйкес ақпаратты 7 мамырға дейін Sultanovaz@mail.ru электронды поштасына жолдауыңызды сұраймыз.

Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу

– Сіздің кәсіпорынның ерекшеліктерін ескере отыра жас кадрларды таңдауға;

– Сіз көрсеткен бос орындарға ізденушілерді іріктеп алуға;

– кәсіпорындар жәрмеңкесінде өз компанияңызды таныстыруға;

– 2-3-курс түлектері ішінен практиканттарды іріктеп алуға;

– Сізге ұнаған бос лауазымға үміткер таңдалған жағдайда жұмысқа орналасу туралы келісімге отыруға мүмкіндік береді.

Құрметпен, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ «Мансап және бизнес-серіктестік» орталығы

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу