Құрметті талапкерлер!

ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы шетелдік білім алушыларды, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқыту үшін стипендиялық бағдарламаның іске қосылғаны туралы хабарлайды (ҚР БҒМ 08.10.18 ж. № 548 Бұйрығы).

2022 жылы (№ шығыс хат. 14-3 / 402 – ВН 26.03.2022 ж.) бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға – 490, магистратура – 50, докторантура-10 гранттық орын қарастырылған. Өтініштерді қабылдау 2022 жылдың 30 наурыз – 30 маусым аралығында жүзеге асырылады.

2021-2022 оқу жылында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-ға ҚР стипендиялық бағдарламасы бойынша Өзбекстан Республикасында тұратын ұлты қазақ бір талапкер оқуға түсті.

Қосымша ақпаратты байланыс арқылы алуға болады:

Тел. (7112) 50-21-42, 50-24-01 WhatsApp +7 777 268 00 77,  +7 707 681 00 75, +747 598 74 46,  qabyldau.bqatu@gmail.com

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу