Құрметті студенттер, бакалавриат және магистратура түлектері мен оқытушылар құрамы!

Екіжақты келісім аясында Мичурин мемлекеттік аграрлық университеті 2021/2022 оқу жылына бакалавриат, магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне келесі мамандықтар бойынша бюджеттік орындар ұсынады:

1. Ветеринария

2. Зоотехния

3. Агрохимия

4. Бау-бақша

5. Агроинженерия

6. Ландшафтық архитектура

Оқуға түсу жалпы конкурс бойынша өтеді. Құжаттарды тапсыру мерзімі 1 маусымнан 5 тамызға дейін.

Осы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар, түйіндемесін халықаралық ынтымақтастық бөліміне 10 мамырдан кешіктірмей берулеріңізді немесе cooperation@wkau.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Байланыс ақпараты: бас оқу ғимараты, тел.: +7 7112 505115 немесе ішкі.тел.: 1-38.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу