Құрметті магистранттар мен докторанттар!

Университеттің халықаралық ынтымақтастық бөлімі Италияның шетелдік студенттерге арналған ұлттық бағдарламасы бойынша Милан университетімен (Università degli Studi di Modena e Reggio Emilia (бұдан әрі-UNIMO) Италия институтаралық келісім жасасу туралы хабарлайды.  Осы Келісім аясында UNIMO магистранттарды/докторанттарды үш білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық оқуға қабылдайды:

1.         Молекулалық патология

2.         Молекулалық микробиология

3.         Эмбриология. 

Қабылдаушы жақ Италияға ұшатын рейстер мен тұру ақысын төлейді.

Талаптар:

1.         Жоғары академиялық үлгерім (білім алушылар үшін)

2.         Ағылшын тілін білу де В2 (upper intermediate)

Іріктеуді басқарма төрағасы-ректордың бұйрығымен бекітілген комиссия мүшелері жүргізеді.

Осы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар халықаралық ынтымақтастық бөліміне (маман Г.Х. Иргалиеваға) ректордың атына жазылған өтініш пен ұсынылған құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып, қағаз түріндегі құжаттар пакетін (жоғарыда аталған) ұсынуы тиіс. 2022 жылғы 5 қазанынан кейін ұсынылған немесе толық ұсынылмаған құжаттарды UNIMO талаптарының сақталмауына байланысты комиссия қарамайды. 

5-10 қазан аралығында UNIMO -мен келісілген әдістеме бойынша тілді меңгеру деңгейін анықтау мәніне үміткерлерге тәуелсіз тестілеу өткізілетін болады.

Байқау қорытындысы мен жеңімпаздардың есімдері университеттің ресми сайтында «Жаңалықтар» бөлімінде, @wkau.kz  Instagram парақшасында жарияланады.

Толығырақ ақпаратты- Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекші маманы Иргалиева Гулжамал Хамитовнадан алуға болады. Байланыс ақпараты: бас ғимарат, тел.: +7112502115, ішкі.тел.: 1-38.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу