Бос жұмыс орындары
Нашар көретіндер үшін

Құрметті магистранттар мен докторанттар!

Университеттің халықаралық ынтымақтастық бөлімі Италияның шетелдік студенттерге арналған ұлттық бағдарламасы бойынша Милан университетімен (Università degli Studi di Modena e Reggio Emilia (бұдан әрі UNIMO) институтаралық келісім жасалғандығы туралы хабарлайды. Осы Келісім аясында UNIMO магистранттарды/докторанттарды үш білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық оқуға қабылдайды:

1.      Молекулалық патология

2.      Молекулалық микробиология

3.      Эмбриология. 

Қабылдаушы жақ Италияға ұшатын рейстер мен тұру ақысын төлейді.

Талаптар:

1.      Жоғары академиялық үлгерім (білім алушылар үшін)

2.      Ағылшын тілін білу де В2 (upper intermediate)

Іріктеуді басқарма төрағасы-ректордың бұйрығымен бекітілген комиссия мүшелері жүргізеді.

Осы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар халықаралық ынтымақтастық бөліміне (жетекші маман Г.Х. Иргалиеваға) ректордың атына жазылған өтініш пен ұсынылған құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып, қағаз түріндегі құжаттар пакетін (жоғарыда аталған) ұсынуы тиіс. 2021 жылғы 5 қазанынан кейін ұсынылған немесе толық ұсынылмаған құжаттарды UNIMO талаптарының сақталмауына байланысты комиссия қарамайды. 

5-10 қазан аралығында UNIMO -мен келісілген әдістеме бойынша тілді меңгеру деңгейін анықтау мәніне үміткерлерге тәуелсіз тестілеу өткізілетін болады.

Байқау қорытындысы мен іріктеуден өткен қатысушылар тізімі университеттің ресми сайтында «Жаңалықтар» бөлімінде, @wkau.kz  инстаграм парақшасында жарияланады.

Толығырақ ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекші маманы Иргалиева Гүлжамал Хамитқызынан алуға болады.

Байланыс ақпараты: бас ғимарат, тел.: +7112502115, ішкі.тел.: 1-38.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу