Докторантураға түсушілердің назарына!

1 қарашадан бастап докторантураға түсу үшін емтиханға құжаттарды қабылдау басталды. Ол 2022 жылдың 18 қарашасына дейін жалғасады.

Түсу емтиханы ағымдағы жылдың 5-11 желтоқсан аралығында өтеді.

Түсу емтиханына қатысуға тіркелу ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz (http://app.testcenter.kz/) сайтында өтеді.

Докторантураға түсу үшін тек бір жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламаларының бір тобын ғана таңдауға болатындығын ескертеміз.

Егер түсушіге берілген өтінішке (тестілеуді тапсыру қаласы, білім беру бағдарламаларының тобы, тестілеуді тапсыру тілі) өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, оған өтініштерді қабылдау жүйесі жабылғанға дейін (18 қарашаға дейін) өтінішті өңдеу немесе жою мүмкіндігі беріледі.

Тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде 29 қарашада қолжетімді болады.

Түсу емтиханына қатысу құны 15 804 теңгені құрайды.

Барлығыңызға сәттілік!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу