Білім алушылардың назарына!

Студенттерге арналған  келесі тақырыптарда ақылы ағылшын курстарына қабылдау басталғанын жариялаймыз:

Курс  Сағат саны  Курс мазмұны
1.Easy English  36Курс студенттерді оқу және қарым-қатынасқа қажет ағылшын тілін үйретуге арналған. Оқуға ниет білдірушілер дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады. Курс шеңберінде тыңдаушылар ағылшын тілін базалық оқиды, сонымен бірге ауызша сөйлеу, жазу тәжірибесіне ие болады. Сондай-ақ А1-А2 деңгейіне сәйкес мәтіндерді аудио және бейнежазбаларды аудару негіздерімен танысады.
2.Technical English36Курс шеңберінде тыңдаушылар жұмыс мәселелерін шешу үшін ағылшын тілін қолдануды үйренеді және кәсіби ортада қабылданған терминдерді меңгереді, ауызекі сөйлеуді оңай түсінеді, ағылшын тілінде сауатты және түсінікті сөйлей алады. Курс шетелдік компанияға жұмысқа орналасудың алғашқы қадамын жасауға көмектеседі.

Ұйымдастыру сұрақтары бойынша келесі телефондарға хабарласыңыз:  87076736271, 87029342625

Бакалавриат-109 (корпус №7)

e-mail: dae10@mail.ru

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу