Бос гранттар тағайындауға сайыс жариялануда!

2020 – 2021 оқу жылының 2 семестріне босаған білім гранттарын тағайындауға сайыс жариялануда.

Сайысқа қатысу үшін:

  • Сайысқа қатысуға өтініш (университет ректорының атына);
  • Транскрипт;
  • Жеке куәлік көшірмесі.

Кеңес алу үшін институт директорларына және эдвайзерлеріне хабарласуыңыз сұралады.

Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары білім беру бағдарламалары шеңберінде осы білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі. Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша өткізілген конкурс қорытындысы бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріледі.

Ғылыми кеңестің шешімі негізінде оқу процесінде босаған бос білім беру гранттарының орнына қатысатын үміткерлердің барлық құжаттары ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейінгі мерзімде ҚР БҒМ-ге жіберілетін болады.

Нақты білім беру бағдарламасы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары аралық аттестаттау қорытындылары бойынша даярлау бағытының ішінде конкурстық негізде беріледі.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді.

Білім беру грантын беру туралы берілген куәліктің негізінде білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарылады.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу