Барлық 2, 3, 4 курс студенттерінің назарына!

2021 – 2022 оқу жылының 2 семестріне және  2022 – 2023 оқу жылының 1 семестріне Президенттік шәкіртақы тағайындауға сайыс жариялануда.

Шәкіртақы күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.

Шәкіртақы білім алушылардың келесі категорияларына тағайындалады:

1) республикалық және халықаралық олимпиадалар, шығармашылық, спорттық сайыстар, фестивальдар жеңімпаздары; 

2) ғылыми еңбектер жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жариялымы бар;

3) диплом, сертификат, куәлік немесе мадақтау қағаздарымен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатын;

4) қоғамдық, мәдени және спорттық өмірге белсене қатысатын.

Шәкіртақы бір академиялық кезеңге тағайындалады. Сонымен қатар, ғылыми кеңестің шешімімен шәкіртақыны әр академиялық кезеңде бір білім алушыға қайта тағайындауға болады. 

Шәкіртақы тағайындау барысында тең жағдай туындаған кезде жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек балалар артықшылыққа ие болады.

Төменде көрсетілген қажетті құжаттарды 2022 жылдың 7 маусымына дейін институт директорының орынбасарына тапсыруларыңыз керек:

1. Сайысқа қатысуға өтініш (университет ректорының атына);

2. Транскрипт;

3. Университеттің қоғамдық жұмыстары мен СҒЗЖ қатысуын растайтын соңғы бір жылдағы құжаттар;

4. Білім алушыға эдвайзерден немесе институт директорынан мінездеме.

Толығырақ кеңес алу үшін институт директор орынбасарына және эдвайзерлеріңізге жолыға аласыз.

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу