Әскери кафедраға оқуға шақырамыз

  • «Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларына» сәйкес,  Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасы запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша оқыту үшін студенттерді (ер балалар мен қыздар) қабылдайды. Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.
  • Әскери кафедрада оқу:
  • БҚАТУ-дың студенттері үшін –  тегін негізде;
  • басқа ЖОО-ның студенттері мен қыздар үшін – ақылы негізде;
  • запастағы сержанттар үшін оқу 1 жыл – ақылы негізде.

Құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

  •  Студенттерді конкурстық қабылдау төрт кезеңде жүзеге асырылады:

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәргерлік сараптаманы жүргізу қағидалары және әскери-дәргерлік сараптама органдары туралы ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген) сәйкес бекітілген медициналық куәландырудан өту – ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларында;

2.  Кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу, дене шынықтыру дайындығын тексеру, конкурстық қабылдау –           2022 жылғы 13-23 маусым аралығында.

Конкурстың әрбір кезеңінен тек бір рет өтуге жол беріледі.

Әскери кафедрада өтініштерді қабылдау 2022 жылғы 31 мамырға дейін, күн сайын сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жүргізіледі.

  • Оқуға ниет білдірген студент әскери кафедраға келіп, өтініш жазады және өзімен бірге алып келуі тиіс:
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  • тіркеу  куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
  • көлемі 3х4  2 фотосурет;
  • сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
  • спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат.
  • жеке істі ресімдеуге арналған көрінетін үш файл және  екі парақ А-4 форматты ақ қағаз.

Оқуға түсу жөніндегі сұрақтар бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың әскери кафедрасына жолығыңыз немесе   50-16-57 телефонына хабарласыңыз (ішкі тел. 1-88). vk_zkatu@mail.ru    

                                                                                 Әскери кафедра

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу