2021 – 2022 оқу жылына магистратураға қабылдау

Магистратурада оқу үшін білім беру гранттарын тағайындау конкурсы 2021 жылдың 25 желтоқсанына дейін өткізілетін болады.

Магистратураға қысқы кезеңге қабылдау – 2021 жылдың 26-шы желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 10-шы қаңтарына дейін жүргізіледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін – 75 балды, бейіндік магистратураға түсу үшін – 50 балды құрайды.

Магистратураға түсуге арналған құжаттар тізімі:

1) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);

3) 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;

4) кешенді тестілеуден өткендігі жөнінде сертификат

5) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат: ағылшын тілі: IELTS Academic (International English Language Testing System Academic), шекті балл кемінде – 6,0;  TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language  Internet-based test), шекті балл кемінде – 60;  TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based test), шекті балл кемінде – 498; неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (Niveau С1/С1 деңгейі); француз тілі:  TFI (Test de Franзais International™) – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес),  DELF (Diplome d’Etudes en Langue franзaise) – B2 деңгейі,  DALF (Diplome Approfondi de Langue franзaise) – С1 деңгейі,  TCF (Test de connaissance du franзais), шекті балл кемінде – 50 (бар болған жағдайда);

6) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Құжаттарды қабылдау бас ғимараттың 250 кабинетінде жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 жүргізіледі.

P.s. Университеттің білім беру бағдарламалары (мамандықтары) туралы толық ақпаратты университет сайтынан оқи аласыздар. Білім беру бағдарламаларын таңдау, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысу  немесе ақылы негізде оқу бойынша сұрақтарыңызды qabylday.bqatu@gmail.com электронды поштасына жолдасаңыз болады. Толығырақ мәлімет алу үшін байланыс телефондары: + 7 7112 50 24 01, 50 21 42, + 7 777 268 00 77, +7 707 681 00 75

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу