2021-2022 оқу жылына ҚР жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінде білім алу

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.

Грант саны:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін – 1300
  • тілдік курстар үшін – 200
  • шетел азаматтары үшін – 50
  • Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200

Коронавирус пандемияcына байланысты дайындық бөлімдеріне түсу үшін құжаттар онлайн режимінде ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайты арқылы қабылданады. Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде ENIC-KAZAKHSTAN сайтында 2021 жылдың 20 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін тапсыра алады.

Қажетті құжаттар:

  1. еркін түрде жазылған, гранттың санаты көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
  4. 086-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).
  5. Қажетті ақпаратты ENIC-KAZAKHSTAN сайтында табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және электронды пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу