Кәсіби және көркем-технологиялық білім беру жоғары мектебі

Батыс Қазақстан облысының жалпы орта білім беру мекемелеріне және колледждерге жас педагогтарды даярлауға қоғамдық құндылықтарды меңгерген, алған кәсіби құзыреттерімен оқу-тәрбие үдерісіндегі міндеттер мен қиындықтарды шешуге дайын, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын жеткілікті меңгерген жоғары мектеп профессор-оқытушылар құрамы 6В01401 – «Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру», 6В01404 – «Визуалды өнер, көркем еңбек және графика», 6В01402 – «Кәсіптік оқыту», соңғы оқу жылы 6В01405 – «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламалары бойынша оқытып келеді.

Жоғары мектепте 21 оқытушы қызмет етеді. Соның ішінде ғылым кандидаттарының саны – 4, ғылым магистрлерінің саны – 6. Оқытушылар құрамында жоғарыда аталған дене шынықтыру мен спорт бейініндегі оқу курстарынан сабақ беруге 10 оқытушы-жаттықтырушы еңбектенуде.

Жоғары мектептің профессор-оқытушылар құрамы өздерінің кәсіби еңбегін үздіксіз арттыру үшін әртүрлі формаларда тәжірибеден өтуде. Жоғары мектеп жанында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылған. Бұл семинар отырыстарында оқытушылар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алған нәтижелерімен бөлісіп келеді. Зерттеу жұмыстарының ғылыми жаңалықтарын республикалық және халықаралық басылымдарға жариялап келеді. Сонымен бірге, жоғары мектеп оқытушылары  арнаулы пәндері мен әдістемелік білімдерін жетілдіруге ТМД, шетел білім беру орталықтарынан тағылымдамадан, қысқа мерзімді курстардан өтіп, куәліктер алуда.

Оқытушылардың оқу-әдістемелік жұмыстарын тәжірибемен байланыстыруға, құзыреттіліктерін дамытуға ынтымақтастық серіктестіктегі Орал қалалық № 30, 10, 47, 20 жалпы орта мектептің педагогикалық ұжымымен біріге педагогикалық сарамандар, тағылымдамалар, тәжірибеге бағытталған сабақтар,ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.

Білім алушылардың әдіснамалық мәдениеті мен бейіңдері бойынша тәжірибелік дағдыларын дамытуға жоғары мектеп жанындағы «Педагогикалық ізденіс» ғылыми-әдістемелік, «Мерген» тәжірибелік үйірмелері жұмыс істейді. Студенттер өздерінің кәсіби-педагогикалық және спорттық шеберліктерін шыңдауға сабақтан тыс уақытта семинарларға, тәжірибелік конференцияларға, әртүрлі спорт түрлері бойынша «Жәңгір хан» заманауи спорттық кешені, шағын спорт залдардағы секцияларға мүше.

Соның нәтижесінде жоғары мектептегі бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру бейіндерінен студенттер арасында әртүрлі спорт түрлері бойынша 30-дан астам спорт шеберлігіне үміткер, 10-ға жуық спорт шебері және халықаралық, республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары бар.

Оқытушылар
Байланыс
Байдалиев Қуатбек Абуталипович
Жетекші
02 - 433
1-85
Молдагалиева Мулдир Самиголлақызы
Әдіскер
02 - 433
1-85
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу