Вакансии
Для слабовидящих

Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру институты

«Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институты 1963 жылы құрылған университеттің бұрыннан келе жатқан құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Э.ғ.к., доцент Конкин А.А. институттың бірінші деканы болған (1963-1965). Институттың құрылған жылы «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығына 45 студент және «Агроэкономика» мамандығына 55 студент қабылданған. 1964 жылдан бастап «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп» мамандығына кадрлар дайындығы жүргізілген.

Институттың қалыптасып, дамуына көп күш, білім және еңбек сіңірген декандар: Кенжегулов X. К.(1965-1969), Мясоутов Р. Х. (1969-1971, 1972-1974), Хаиров Б. Х. (1971-1972), Гумаров Б. Г.(1974-1978), Ермеккалиев Ш.Б. (1978-1988), Тастемиров А.Г. (1988-1990,1992-1996), Толебаева Б.Т.(1990-1992), Мендалиева С.И. (1996-1998), Шамгонов А.Ш. (1993-2003г.г. «Есеп және аудит» факультетін басқарды), Сатканова Р. (1998-2000), Мансурова М.А. (2000-2003), Богдашкина И.В. (2003-2005), Айдаралиева А.А. (2005-2007, 2009), Ибыжанова А.Д.(2007-2009), Габдуалиева Р.С. (2010-2015), Казамбаева А.М. (2015-2020).

Бүгінде институтты экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Ержанова Жанар Куттыкбаевна басқарады.
Институттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан жоғары мектеп жетекшілері: Кенжегулов Х.К., Гумаров Б.Г., Гиззатов Е.Х., Солоха Н.Н., Воронова A.M., Ахметов К.Г., Джумашев Б.К., Толебаева Б.Т., Ковель П.В., Шамгонов А.Ш., Вишневская А.П., Искакова Б.Г., Исмагулов А.Д., Вишневский Н.Д., Мансурова М.А., Жаксыгалиева С.Ж., Габдрахманов Е.Г., Сатканова Р.Г., Траисова Т.Н., Бурахта А.Н., Есеналиев Б.С, Бисенов С.Х., Султанов А.У., Пащенко Н.Н.

Институтта қайта түрленген инновациялық экономиканың кез-келген сұрағына тиімді жауап беруге қабілетті, қуатты көпсалалы ғылыми топ құрылуда. Институт оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Жоғары мектептерде 3 ғылыми тақырыптарда жұмыс жүргізілуде. Оқытушылар жыл сайынғы өтетін халықаралық, республикалық, аймақтық және университеттік ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысу қорытындылары бойынша жүлделі орындарға ие. Институттың жоғары мектептері республикалық және аймақтық әртүрлі бағдарламаларды жасау бойынша органдармен шарттық негізде қызмет жүргізеді.

Біздің түлектеріміз бүгінгі күні азық-түлік және қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындарда, басқа да салаларда, әр түрлі бизнес құрылымдарында, қызмет саласында, банктерде, мемлекеттік басқару органдарында, салық органдарында және басқа да мекемелерде жұмыс атқарады. Сонымен қатар алынған мамандық экономикалық пәндерді Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында және колледждерде, ғылыми-зерттеу және жобалық институттарда табысты қызмет етуге, шетелдік және бірлескен кәсіпорындарда қатаң сайыстық іріктеуден өту арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Байланыс
Ержанова Жанар Куттыкбаевна
Директор
Э - 307
2-15, 8 (7112) 50 21 18
Киматова Райгуль Гарифоллиевна
Директор орынбасары
Э - 307
1-31
Сергалиева Дина Булатовна
Офис-менеджер
Э - 307
2-18
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • 8 (7112) 50 13 74
  • 8 (7112) 52 21 00
  • zapkazatu@wkau.kz
Подписаться на новости