Ержан – төрт дүркін әлем чемпионы атанды!

Жәңгір хан университетінің студенті Ержан Ерболат кезекті жеңісіне қол жеткізіп, еліміздің көк байрағын асқақтатты.

Түркияның Анталия қаласында өткен жастар арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында «Экономика, ақпараттық технологиялар және кәсіби білім беру» институтының «Ақпараттық технологиялар» мамандығының 4-курс студенті Ержан Ерболат алтын жүлдеге ие болды.

Білекті спортшымызды құттықтаймыз!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу