Бос орындар жәрмеңкесі аясында дөңгелек үстел

2022 жылдың 18 мамырында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да 2,3,4 курс студенттерінің барлық мамандықтарына арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті. «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінен «Пойма Май Комбинаты» ЖШС, «ҚазСтандарт» РМК, «Жайық Агро ЛТД» ЖШС, «Uralsk Trade Company» ЖШС және т.б. шақырылды.

Бос орындар жәрмеңкесінің басты мақсаты – жұмыс берушілер мен университет арасындағы байланысты ұйымдастыру, еңбек нарығындағы жұмыс күшінің қажеттіліктеріне сәйкес кадрлар даярлау мәселелерін жолға қою және әлеуетті кадрлар табу.

Бос орындар жәрмеңкесі аясында «Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебінің ұйымдастыруымен «Жаңа технологиялар – ғылымға қадам» атты дөңгелек үстел өткізілді, оған жоғары мектептің профессор-оқытушы құрамы мен жұмыс берушілер қатысты. Аталған іс-шарада бакалавриат пен магистратураның келесі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары талқыланды: 6В07200 – «Тағам өнімдерін өндіру», 6В07201 – «Қайта өндеу өндірістерінің технологиясы», 6В07203 – «Тағам қауіпсіздігі», 6В07500 – «Стандарттау, сертификаттау және метрология» және 7М07201, 7М07211 – «Қайта өндеу өндірістерінің технологиясы» (1,5 және 2 ж.), 7М07203, 7М07213 – «Тағам қауіпсіздігі» (1,5 және 2 ж.).

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жұмыс берушілер оқытылатын жоғары мектептің бейінді пәндері бойынша өз ұсынымдарын ұсынды.

«Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» жоғары мектебі өзінің барлық жұмыс берушілеріне жемісті ынтымақтастық үшін шынайы алғысын білдіреді және қарқынды дамуды, табыстар мен жаңа белестерді тілейді!

090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу