Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлімдер мен құрамаларын жауынгерлік қолдану

Оқу мерзімі
2 жыл
Тағайындалуы
«Зымыран әскерлері мен артиллериясы бөлімшелерін, бөлім-дер мен құрамаларын жауынгерлік қолдану» мамандығы бойынша әскери даярлық курсынан өткен запастағы офицер бейбіт және соғыс уақытында артиллерия бөлімдері мен бөлімше-лерінде, бастапқы офицерлік лауазымдарда қызмет өткеруге арналған./ Офицер запаса, прошедший курс военной подготовки по специальности «Боевое применение подразделений, частей и соединений ракетных войск и артиллерии» предназначен для прохождения службы в мирное и военное время в артиллерийских частях и подразделениях, на первичных офицерских должностях.
Біліктілік талаптар
Запастағы офицер:
  • жоғары деңгейдегі тактикалық, тактикалық-арнайы, әскери-техникалық және жалпыәскери дайындыққа ие болуы;
  • базалық және салалық пәндер бойынша жеткілікті білімге ие болуы, осы білімін практикалық жұмыстарда қолдана білу дағдысына ие болуы;
  • бөлімшеде жоғары жауынгерлік және жұмылдырылған әзірлікті қолдауы, мықты әскери тәртіп пен жарғылық тәртіпті қолдауы, бағыныштыларды оқытуда және тәрбиелеуде әскери педагогика қолдануы тиіс.
Зерделеу кезінде студент
Білуі керек:
  • артиллериялық жүйелер мен олардың оқ-дәрілерінің, артиллериялық бөлімшелердің есебінде тұрған аспаптардың мақсатын, жалпы құрылысы мен тактикалық-техникалық сипаттамаларын;
  • артиллериялық қару-жарақты пайдаланудың, күтіп-ұстаудың, жинаудың және сақтаудың негізгі ережелері мен қағидаларын;
  • зеңбіректі қарау, атысқа және маршқа дайындау, артиллериялық қару-жарақты жинау, сақтау және пайдалану ережелері бойынша практикалық дағдыларды.
Істей алуы қажет:
  • взводтың жоғары жауынгерлік дайындығын қолдауды;
  • ұрыстың әртүрлі түрлерінде взводтың жауынгерлік іс-қимылдарын ұйымдастыру және басқаруды;
  • жауынгерлік тәртіпті, атысты жүргізу және жауынгерлік тәртіпті ауыстыру кезінде взводты басқару, жауынгерлік қолдануға материалдық құралдарды, аспаптар мен қару-жарақты дайындауды.
Дағдыларды пысықтауы керек:
  • артиллерияны жауынгерлік қолдану қағидаларын, Құрлық әскерлері бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу қағидаларын білетін және артиллериялық бөлімшелердің жауынгерлік міндеттерін шешу кезінде олардың ережелерін қолдана алатын запастағы офицер – артиллеристі даярлауда;
  • взводтың жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдауда.
Әскери атағы
Запастағы лейтенант
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу