Тағам және қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары жоғары мектебі

Ет, сүт, кондитерлік индустриялардың дамуымен байланысты Батыс Қазақстан облысы экономикасының жандануы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде техникалық бейіндегі жаңа мамандықтардың ашылуына әкелді. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі мамандығы бойынша бөлім 2006 жылдың шілде айында құрылды.

2012 жылдан бастап «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» саласы базасында 6М073500 – «Тағам қауіпсіздігі» мамандығы бойынша магистратура ашылды. «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» саласының магистранттары ғылыми жұмыстармен белсенді айналысты.

 «Азық-түлік өнімдерінің өндірісі және Стандарттау және сертификаттау» салалары бойынша бакалавриаттың 4 білім беру бағдарламасы бойынша сабақтар жүргізіледі:

  • 6В07200-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы;
  • 6В07201-Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы;
  • 6В07203-Тағам қауіпсіздігі;
  • 6В07500-Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)

Магистратура бойынша 2 білім беру бағдарламасы бойынша:

  • 7М07201-Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы;
  • 7М07203-Тағам қауіпсіздігі;

Барлық білім беру деңгейлерінде мемлекеттік лицензиялар бар.

Агротехнологиялық институтының құрамына 23 оқытушы кіреді, оның ішінде 14 штаттық, 7 ішкі қосымша және 2 штаттан тыс (өндірістен). Оның ішінде: 1-қауымдастырылған профессор, 5 – ғылым кандидаттары, 7 – PhD докторлары, 10-магистрлер. Оқытушылар түрлі халықаралық конференцияларға, ғылыми семинарларға, тағылымдамаларға белсенді қатысады. Жақын және алыс шетелдердің жас ғалымдарының ғылыми-педагогикалық кадрлармен алмасуы және тағылымдамалары үнемі жүзеге асырылады.

Республикалық студенттер пәндік олимпиадасында тест сұрақтарынан, зертханалық жұмыстардан және жеке рефераттарын қорғау жұмыстарынан сынға түсіп, университетіміздің студенттері өте жақсы нәтиже көрсетті.

5В072800 – «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» мамандығы бойынша 11-команда қатысты, соның ішінде біздің команда II дәрежелі дипломмен марапатталды.

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КеАҚ-да 2022 жылдың мамыр айында өткен СҒЗЖ Республикалық конкурсының II кезеңінің қорытындысы бойынша 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша Аян Жарилкасиновичтің жетекшілігімен дайындалған студенттер I дәрежелі дипломмен ғылыми жұмысы үшін марапатталды.

2022 жылы Алматы технологиялық университетінде ҚР жоғары және ЖОО кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында XIV Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі қорытындысы бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың командасы жүлделі III орынды иеленді. Сондай-ақ, қатысушылардың жеке нәтижелері бойынша жүлделі ІІ орынды ППП-31 тобының 3 курс студенті Жалғасбаева Марал Темірболатқызы иеленді. 2023 жылы Алматы технологиялық университетінде ҚР жоғары және ЖОО кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында XV Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі қорытындысы бойынша Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың командасы жүлделі II орынды иеленді. Сондай-ақ, қатысушылардың жеке нәтижелері бойынша жүлделі ІІ орынды ППП-32 тобының 3 курс студенті Кобзарь Дарья иеленді.

Студенттер ішкі академиялық ұтқырлық бойынша М. Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне, Алматы технологиялық университетіне, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетіне, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне, С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетіне білім алмасуға жіберілді.

Агротехнологиялық институтының 6В07500- «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы Бауржанов Жангирхан 2023-2024оқу жылы Лодзь университетіне (Польша Республикасы) академиялық оралым бойынша оқуға жіберілді.

Агротехнологиялық институтының қос бірдей оқытушысы «500 ғалым» жобасы аясында мемлекеттік грант иегерлері атанды.

Беларусь мемлекеттік тамақ және химиялық технологиялар университетімен екі жақты шарт жасасып, қос-дипломды білім алу жүйесі енгізілді. Осы бойынша 7М07201-«Қайта өңдеу өндірістерінің технологиялары» білім беру бағдарламасының магистранты Бекбусинова Айдана білім алып жатыр.

Қазіргі таңда техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Төребек Байбатыров Минск қаласындағы Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінде «Құрама жем өндірісінің заманауи тиімді технологиялары» тақырыбында (ғылыми жетекшісі а.ш.ғ.д., э.ғ.д., профессор Николай Степанович Яковчик).

Доцент м.а., PhD доктор Жұмаева Арайгүл Қажмұқанбетқызы АҚШ мемлекетінің Мэриленд Штаты, Мэриленд Университетіне жолдама алды.

Оқытушылар
Байланыс
090009, Қазақстан Республикасы, Орал қаласы, Жәңгір хан көшесі, 51
  • Ректор қабылдауы:8 (7112) 50 13 74
  • Кеңсе:8 (7112) 52 21 00
  • Қабылдау комиссиясы:8 (7112) 50 24 01
  • Е-мейл:zapkazatu@wkau.kz
Жаңалықтарға жазылу