zhangir-khan1

Жас ғалымдардың Ұлттық конкурсы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі British Council (Британдық Кеңес) «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Шеврон» компаниясының қолдауымен FameLab халықаралық конкурстың форматында жас ғалымдардың Ұлттық конкурсын өткізетінін хабарлайды. Аталған конкурс ғылыми коммуникацияның ең ірі конкурстарының бірі болып табылады және Еуропа, Азия және Африканың 20-дан аса елдерінде өткізіледі.

Конкурстың мақсаты жас талантты ғалымдарды анықтау және өздерінің ғылыми мүдделерін қоғаммен ағылшын тілінде бөлісе алатындай етіп, олардың ғылыми коммуникация дағдыларын дамыту. Сондай-ақ конкурстың мақсаты дүниежүзі бойынша жастар арасында ғылымды дәріптеу болып табылады.

Конкурстың бірінші сатысы шеңберінде Қазақстанда 10 финал қатысушысы іріктелініп алынады. FameLab конкурсының әрбір финалға қатысушысы коммуникациялар бойынша әлемдегі атақты мамандардың бірінен Астана қ-да қарым-қатынас жасау дағдылары және көпшілік алдында сөйлеу бойынша шеберлік сабағы түріндегі кепілдендірілген жүлдеге ие болады. Шеберлік сабағында олар қоғаммен өзара қарым-қатынаста болудың неліктен маңызды екендігі жайлы біледі, презентацияның (таныстыру рәсімінің) жеке бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеудің баға жетпес дағдыларын меңгереді, әр түрлі ғылыми зерттеулер саласында жүрген ғалымдармен байланыс орнату мүмкіндігіне ие болады.

Жалпыұлттық конкурстың жеңімпазы Челтнемде (Ұлыбритания) өтетін дәстүрлі ғылыми фестиваліне барады және 2018 ж. жазда FameLab конкурсының халықаралық финалына қатысады.

Конкурсқа жасы 21-ден 40-қа дейінгі технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика саласында жұмыс істейтін немесе білім алып жүрген кез келген адам қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін 2017 жылғы 17 желтоқсанға дейін British Council www.britishcouncil.kz/ru/famelab сайтына онлайн-өтінім беру қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда, мына эл. мекенжайға хабарласуды сұраймыз: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Другие материалы в этой категории: « Поздравляем! День открытых дверей »
Вы здесь: Главная Воспитательная||и социальная работа Видеотека Жас ғалымдардың Ұлттық конкурсы
Вы здесь: Главная Воспитательная||и социальная работа Видеотека Жас ғалымдардың Ұлттық конкурсы