zhangir-khan1

M.Sc. in Educational Leadership бағдарламасы білім беру саласының қызметкерлерін өз мекемелерінде және қоғамдағы өзгерістерге жетекшілік рөлін қабылдау үшін қажет білім мен қабілеттермен қамтамасыз етеді. Барлық мамандандыру салалары бойынша оқу мерзімі - модульдік жүйе бойынша жұмыстан қол үзбей оқу мүмкіндігімен 2 жыл. M.Sc. in Educational Leadership бағдарламасы 3 түрлі мамандандыруға бөлінеді: School Education, Higher Education, Inclusive Education. Барлық мамандандыру салалары бойынша оқу мерзімі - модульдік жүйе бойынша жұмыстан қол үзбей оқу мүмкіндігімен 2 жыл, яғни білім беру саласында жұмыс істеп жүрген мамандарға жұмысын үзбей, магистратура деңгейінде оқуды меңгеруге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның алдын-ала жоспарына сай, оқуға түскен білім алушылар төмендегідей уақытта НазарбаевУниверситетіне келіп, интенсивті түрде өтетін күнделікті сабаққа келеді:

Оқу модулі

Мерзімі

Жазғы модуль 1

7-28 тамыз, 2017 ж.

Күзгі модуль 1

16 қазан - 3 қараша, 2017 ж.

Көктемгі модуль 1

26 наурыз - б сәуір, 2018 ж.

Жазғы модуль 2

1-24 тамыз, 2018 ж.

Күзгі модуль 2

22 казан - 9 қараша, 2018 ж.

Көктемгі модуль 2

25 наурыз - 12 сәуір, 2019 ж.

Жазғы модуль 3

10 - 21 маусым, 2019 ж.

Модульдер уақытынан тыс кезде сабақтар онлайн-түрде өтеді. Яғни, бұл бағдарлама білім алушыларға барынша икемді сабақ кестесін ұсынады.

М.А. in Multilingual Education бағдарламасы көптілді білім беру теориясын, саясатын және тәжірибесін қамтиды және үштілді білім берумен тығыз байланысты. Осы бағдарлама білім берудегі тіл саясаты және тілді оқыту бағдарламаларын дамыту, бағалау, саясатты талдау және зерттеу дағдыларына бағытталған екі жылдық оқу бағдарламасы болып табылады.

Ph.D. in Education бағдарламасы 4 жылдық интенсивті оқу жоспарын қамтиды және бағдарламаның басты мақсаты - диссертация, яғни жоғары сапалы ғылыми жетекшілікпен жазылған тәуелсіз зерттеу жұмысының орындалуы болып табылады. Оқу барысында докторанттар бір семестрді серіктес университеттердің бірінде (Кембридж Университеті мен Пенсильвания Университеті) өткізу мүмкіндігі бар.

Құжаттарды қабылдау тәртібі туралы толық ақпаратты http:gse.nu.edu.kz сайтынан және https://www.facebook.com/nugse2014Facebook әлеуметтік желісі парағынан білуге болады. Сонымен қатар, сұрақтарды Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жіберуге немесе + 7(7172) 69-49-53, 70-93-69 телефондарына хабарласуға болады.

Вы здесь: Главная Воспитательная||и социальная работа Видеотека M.Sc. in Educational Leadership бағдарламасы
Вы здесь: Главная Воспитательная||и социальная работа Видеотека M.Sc. in Educational Leadership бағдарламасы